Тәуелсіздіктің сыйы һәм еліміздің дамуынан бер белгі
блог
Еліміз өркендеп өскен сайын, халықтың әл-ауқаты көтеріліп келе жатқандай. Тек ауқаты ғана емес, сонымен қатар мәдениеті де, ділі де, діні де, жан-жақты сауаттылықтары да қоса артып келеді деп бағалай аламыз. Неліктен? Себебі, адамдар бұрынғыдай Қытай мен Қырғыздың,не Бішкектің киім-кешектері мен азық-түліктерін қолдана бермейді. Елімізде жеңіл өнеркәсіп дамығалы, отандық өнімдерді тұтыну да арта түсуде. Сөзіме тұздық болсын, бәріңіз көргендеріңіздей, еліміздің спортшылары биылғы Риода өткен олимпиадада киген спорттық киім елімізде тігілген.
Сонымен қатар,Қазақстандық шоколад өнімдері, азық-түлік түрлері де, киімдер мен басқа да өнімдер өз елімізде баршылық.
Фейсбук әлеуметтік желісінде #Халықмаркасы хэштегімен бөліскен жазбалар өте көп. Осы жақында ғана блоггерлер Аршат Ораз бен Бэлла Орынбетова әпкенің парақшаларынан мына бір әдемі жазбаларды оқыдым.
Аршат Ораз:
"#Халықмаркасы павильонында шәй шығарушы алматылық фирманың маркетинг әдісі ұнады. Шәйларға Тойбастар, Шашу, Той шашуы, Қоржын сияқты әдемі аттар қойған. Сондай-ақ қала гербтерін қолданып, түрлі дизайнмен қала аттары жазылған шәйлар шығарыпты. Ішуге де, сыйлық ретінде де жақсы шәй екен. Сонымен қатар,
Орталық базар жанындағы Самғау сауда орталығының 5-ші қабатында орналасқан #Халықмаркасы павильонына бардық. Отандық өнімнің түр түрі бар: киім-кешек, азық-түлік, косметика, үй және кеңсе жиhазы, ұлттық киім, сувенир түрлері бар. Отандық тауарларды қолдау үшін сіз де барып көріңіз"-делінген.
Ал,Бэлла әпке:
"Əдетте отандық өнім десе, тек "Рахат" кəмпиттері мен "Сұлтан" макарондары ғана еске түседі ғой. Шындығында тек отандық өнімді қолдаймын, тұтынамын десеңіз, барлығын табуға болады екен. Бүгін Римма Тажибаева шақыруымен "Самғау" сауда үйінде орналасқан #ХалықМаркасы сауда көрмесіне барып көз жеткіздім. Шұлықтан бастап, үй жиһаздары мен құрылыс материалдарына дейін біраз дүние бар. Басқасын айтпай-ақ өзім ұстап, сынымнан өткен заттарды айтайын.
Күзде мамамның беретін киіп жүргенде Алмас мазақтай беруші еді. Ал енді осындай тамаша фетр шляпамен жүрем. Киізден жасалған. Бағасы 3500 теңге. Айтпақшы үстімдегі пальто да таза киіз. Жаңбыр жауып кетсе ап-ауыр болатын шығар)) Ал былай жеп-жеңіл, жып-жылы. Оюлары үстіне басылған, дизайнердің талғамы да шеберлігі де көңілден шықты. Иə, иə, қазақы киімде қошқар мүйіздің болуы шарт емес ;)
Балалардың киім-кешектері де ұнады. Бұлар тез өседі ғой. Күзде жеңін солпылдатып алып берсең, көктемде шолтиып тұрады. Синтетикалық киім тез жуылады ғой, бірақ аллергия шығарып, терлетіп, ақыр соңында ауыртып бəле болады. Сондықтан мен үшін басты критерий - сапасы мен бағасының сай келуі. Бұрындары Қарағанды трикотаж фабрикасының колготкиларын алып көрген едік. Таза мақта-матадан жасалғанымен бір екі сағаттан соң шалдардың галифесі сияқты болатын еді. Бүгін Теміртау қаласында Renaissance брендімен шығарылатын шұлық өнімдерін алдым. Колготкий құрамы 80% мақта-мата, 20% лайкра. Бағасы 425 теңге. Қызым 3-4 сағат киіп үйде асыр салып ойнап жүр, осы қалпымен ұялмай көшеге шыға беруге болады. Үш есе қымбат Корея шұлықтарынан кем түспейді.
Тағы бір ұнағаны Bioton кремдері. Əзірге көңілге бағасы қонды)) сапасын сыннан өткізіп барып айтам.
P.S. Іші тар адамдардың алаңдауына еш себеп жоқ. Бұл жазба ақысыз (тегін) жазылды. Отандық өндірушілер дамысын десек, дүкенде сөренің жанына келіп жарнама слоганына емес, патриоттық сезімге ергейсіз. Пах, не деген ұран ə"-деп өз ойларын да жеткізді.
Арнайы отандық өнімдер сатылатын орын. Халық маркасы павильоны. Және сіздермен де бөлісе отырайын)) Ал,сіздер қаншалықты жиі тұтынасыздар?!
Өз басым Қазақстан шоколадтарын жақсы көремін. Сыйланатын сыйлықтар да көбінесе отандық өнімдер болады) Жоғарыда келтірілген мысалдар көп нәрсені аңғартады деп ойлаймын. Басқа елдің импортына шашылғанша, өз еліміздің тауарларын жеңіл әрі қолжетімді түрде пайдаланыңыз. )))
Қысқасы,бұлардың бәрін тәуелсіздіктің сыйы ретінде қабылдаймыз. Еліміз әрқашан өркендей берсін,өсе берсін! Азаттықтың 25 жылы құтты болсын достар!