Тұлыбыңды алақанда аялауда ел бүгін,
Тұғырыңды тірек етіп еселеуде елдігін.
Сенсіз қандай мемлекетте бақыт шамын жақты кім?
Сенсіз қай ел шырқау шыңға шарықтатты шаттығын?
Азаттығым, биіктеттің арынды Алаш шоқтығын!
Отаныма жан бітірді сенің ыстық отты үнің,
Төрінде елдің төл иесі еркін қанат қақпаса,
Жоқ құның!
Тағдырымды еркін елдің ертеңімен жалғаймын,
Тәуелсіздік тұғырында шуақ шашқан таңдаймын.
Сені бүгін қолымызға қондырғанмен аялап,
Қиындығы – баянды қып, тұғырлы ету сол қайғым.
Ұлттық рух пен ұлттық мүдде құндылығы шыңында
Қорғаймын, сені мәңгілікке қорғаймын!
Уа, еркіндік, өзің барда алқымым өр, кең тынысым,
Бірақ алғыс бабаларға жанын берген бұл үшін.
Тарихыңда таңбасы бар сан ғасырлық күрестің
Азат күнді аңсаған жұрт ерлерінің мұңысың!
Уа, азаттық!
Сен сол қан мен тердің, шер мен мұңның құнысың!
Ұлысың, сен сол үшін де ұлысың!
© Бексұлтан БАСЫҚАРА