Тәуелсіздікке тамаша тарту

Жаңа жылды барша қауым асыға күтеді... Дәл осы мерекеден 15 күн бұрын келетін Тәуелсіздік мерекесі барлық мерекелерден де қымбат болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, дербес мемлекет қана Жаңа жылды ойдағыдай қарсы алады.

Ес білгелі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келе жатқандықтан, біз оның қадірін түсіне бермейміз. Бізге дейін өмір сүрген аға буын өкілдері тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екенін жақсы біледі. Ал ата-бабаларымыз болса, бүгінгі бейбіт заманды сан ғасырлар бойы армандап өтті.

Көк түске боялған жаңа сайттың алғашқы беті ашыла бергеннен, тәуелсіз еліміздің көк аспандай ашық көк түсі көзге оттай басылды... Жобаның артында тәуелсіз еліміздің елжанды ұландарының тұрғаны анық байқалады. Өз басым әлеуметтік желілерге, оның ішінде блог-желілірге аса қызығушылық танытпаймын. Алайда, кескінін былай қойғанда, мағыналы мына желі бірден-ақ баурап әкетті. Жазу жағын уақыт көрсете жатар. Бірақ, кеңестер мен мәліметтердің тек мен үшін емес, барлық заманауи адамдардың қажетіне жарайтыны сөзсіз.

Ұлы мереке қарсаңында тәуелсіздікпен бірге өсіп келе жатқан ұл-қыздарға бұл үлкен сыйлық болды. Массагеттің қадамына гүл бітіп, ел игілігіне жарайтын осындай игі істер атқарыла берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!



Бөлісу: