Тәуелсіздікке 25 жыл

Биылғы жыл — Қазақстан үшін ерекше жыл .Осы жылы -қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігінің 25 жылдығы! Бұл мереке-әр қазақстандық үшін , ең жылы, әрі ең қымбат мерекесі...

Қазақстан аңсаған тәуелсізідігіне 1991 жылы қол жеткізді. Сол жылдан бастап, небәрі 25 жылдай ғана уақыт өтті. Сонда да қазақ мемлекетін бүгінде білмейтін адам жоқ. Қазақстан тәуелсіздгін алғаннан кейін, жаңа туылған сәби сияқты , әлемді енді-енді тани бастады, ал бүгінде әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кірді. Әлем деңгейіне көтерілу үшін, үлкен қадамдар жасап, биік шыңдарға көтерілді. Егер Қазақстан жалпақ әлемге өз тәуелсіздігін жария еткен 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бері қарай есептесек, әрбір жылымыз есте қалар тарихи оқиғалармен өріліп отырған екен. Басқасын былай қойғанда, тек өткен жылдың өзінде Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтіппіз. Бұл — тәуелсіз елге тән тірліктерді алға жылжытумен келе жатқанымыздың айқын көрінісі.

Алайда «Тамырсыз ағаш, тарихсыз мемлекет болмайды» деп атам қазақ айтқандай, осындай бақыт пен қуаныштың артында, қандай ғана қайғы қасіреттер болмады десеңізші.

"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," –деп, қазағымыздың ұлы биі Қазыбек би айтқандай, қазақ елінің бұрыннан  егемендік аңсағаны көрініп тұр. 

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың ақсақ та айбынды ұраны естілді. «Келешек ұрпағымыздың өмірі тыныш, аспаны ашық болсын» деп, батырларымыз қасық қаны қалғанша шайқасып,бар күштерін тәуелсіздік жолына арнап, қайтыс болды.

Осы батырларымыздың түнде ұйықтамай, күндіз отырмай жасаған еңбектерінің жемісін бүгінде біз- ХХІ ғасыр ұрпақтары көріп отырмыз.

Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістеріне шыққан екен. Соның ең соңғысы — тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының Желтоқсан қозғалысы биыл өзінің 30 жылдығын атап өткелі отыр. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады.

Иә, небәрі 25 жыл бұрын Ресей патшасының бодандығында болып, жалтақтап күн көрген жок пе едік?  Тіпті, «Қазақпын» деп айтуға қорыққан кездерімізден де болған. Ал бүгін ше? Өз билігің өзінде, не кием, не ішем демейсің. Бізді әлемнің әр елі мойындайтындай жағдайға  да жеттік...

Бүгінде Қазақстанның осындай жоғарғы дәрежеге жетіп отырғаны- алдымен қасық қаны қалғанша шайқасып, жандарын Отан алдындағы борышын өтеу жолында пида еткен бабаларымыздың арқасы болса, екіншіден- ешкімге белгісіз, енді ғана үлкен дүние есігін ашқан мемлекеттен, бар әлем таныйтындай мемлекет жасаған елбасымыз –Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы.

«Ширатып жанды шынайы шешен лебізің,

«Қазақ жігітін қарашы, шіркін!» дегіздің.

 Ұлы халқыңды төрткөл дүниеге танытып,

 Келесіз қалап жаңа қоғамның негізін» - деп жерлесіміз А.Көпжасарова жырлағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.

«Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге» дегендей, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Президентіміз өзінің туған елін сара жолмен абыройлы бастап келеді. Бұл жолда Елбасы қаншалықты абыройлы болса, халқы да оны құрметтеп, сыйлаумен келе жатқаны баршаға аян. Жеке өз басым Нұрсұлтан Әбішұлының қазақты, Қазақ елін жер планетасының бергі бетінен арғы бетіне дейін түгелге жуық таныстырып үлгергеніне қатты ризашылық білдіремін. Біздің Президентімізді дүние жүзі таниды және оны өз бауырындай, досындай, ақылшысындай, тіпті өздерінің басшысындай көретінін мақтан тұтамын...

Өркендей берсін жылдан-жылға Отанымыз,

Бақытты тату  өмір сүрсін қазағымыз.

Осындай бақытқа кімнің арқасында жеткеніміз,

Ешқашан ұмытпасын ұрпағымыз.

Гүлдей берсін күннен-күнге астанамыз,

Орындалсын барлық асқақ арманымыз.

Бүкіл әлем танып қазағымды,

Ашық болсын әрқашан да жолдарымыз.

Жүз жасасын Нұрсылтан Әбішұлы –елбасымыз,

Көбейе берсін жер асты қазынамыз.

Құтты болсын халайық мерекеңіз,

Тек қуанышқа ғана толы болсын күндеріңіз!

«Бақыт бағалағанның қолында ғана тұрады» демекші, достар, қолымыздағы бақыттымызды қадірлейік!

Тәуелсіздігіме мың тәубе деуді ұмытпайық, ағайын!



Бөлісу: