ТӘУЕЛСІЗДІККЕ!

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ.

Тәуелсіздік саған айтар мұңым бар,
Шыңдық айтып кезім шығар шырылдар.
Ана деген ақ сүттен ау нәр алған,
Қадіріңнен айрылды ғой тілің нар.

Тәуелсіздік саған айтар сөзім бар,
Жырымнан-ау ұға алсаң сөзімді әр.
Жалған жайдан ақиқатты айырар,
Еркіндікті көрмей жүрген көзім бар.

Тәуелсіздік айтарым бар сен тыңда,
Жылап жатқан қоғамыңды көрдің ба?
Қоғамның-ау көрген сайын көз-жасын,
Сен берген-ау еркіндікті көрдім ба?

Тәуелсіздік сен тыңдасаң айтарым,
Ұмыттық-ау азаттықтың айбарын.
Жік-жікке ғой бөлініп-ай бұл қоғам,
Ұмытқандай азаттықтың қайнарын.

Тәуелсіздік халық үшін тудың ба?
Биліктің ау бақытты үшін тудың ба?
Елім деген жерім деген ер шықса,
Қудалайды еркін ерді қуғынға.

Тәуелсіздік тудың айтшы кім үшін,
Бақ болмай тұр халқыма ғой ырысың.
Билік көрдік биліктен-ау сорақы,
Тәуелсіздік тарылды ғой тынысың.

Тәуелсіздік орнады деп қуанған,
Келешектен үміт күтіп жұбанған.
Ел болғалы өз алдына тәуелсіз,
Қоғам күйі әлі неге жыларман.

Тәуелсіздік орнағалы не көрдік,
Көрген жоқпыз биліктен-ау кемелдік.
Бізді әлі билеп жатыр түсінсең,
Билікті ғой билеткен-ау шетелдік.

Тәуелсіздік қайда кетті еркіндік,
Жоғалды ғой елімізден өр бірлік.
Басымызға орнады деп азаттық,
Бекер бекер қазағым ау желпіндік.

Тәуелсіздік құлы болдың нарықтың,
Азат емес азап болып тарықтың.
Сен арқылы масаттанып үкімет,
Шаңырағын құлатып жүр халықтың.

Көрмедік ау еркіндіктің шоқтығын,
Көрмедік-ау еркіндіктің шаттығын.
Тәуелсіздік орнағанмен не пайда?
Сезіліп тұр басымызда жоқтығың.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.



Бөлісу: