Тәуелсіздік-тұғырым

Тәуелсіздік-қасиетті,киелі ұғым.Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы,үміті мен сенімі.Ол-азаттықтың алтын арқауы,елдігіміздің мызғымас тұғыры.Тәуелсіздік таңбасы таста,қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл болды.Осы уақыт ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып,шекарасын бекітіп,өз алдына дербес зайырлы ел болды.Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті,ұлты мен ұлысы,салты мен дәстүрі,мәдениеті мен экономикасы болды.Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік,керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.<<Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап,мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет>>Нұрсұлтан Назарбаев ҚР тұңғыш президентінің қанатты сөздерінің бірі.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз.Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия.Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес,бүкіл ел болып қолдайды деген сөз.Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек.
Тәуелсіздіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.Бұл президентіміздің жүргізіп отырған парасатты,көреген,саясатының нәтижесі-Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің,көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында.
Қазіргі таңда еліміздің астанасы-Нұр-Сұлтан арман қалаға айналып отыр.Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды.Өзімнің кіндік қаным тамған жерім-Түркістан.Түркі әлемінің рухани астанасы киелі Түркістан туристтер көптеп келетін ескі мәдениетті қайта жаңғыртатын көрсе көз тоймайтын қалаға айналу үстінде.
Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан,атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау.Керей мен Жәнібектің керген керегесін кілем үсті көтеріп,Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті.Қазақта<<Отансыз адам ормансыз бұлбұл>>деген сөз бар.Орманы жоқ құстың ұясы да,қонар бұтағы да жоқ.Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттык өмір сүруі мүмкін емес.
Тәуелсіздік алу-бұл тек бастапқы қадам.Отанымыздың болашағы біздің қолымызда.Егер әрқайсымыз жанымыздың бір бөлігін елімізге берсек,Қазақстан одан әрі дами береді!Еліміздің бүкіл ұлттары біріксе,жолымызда кездесетін барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз!



Бөлісу: