Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым
жеке
блог

Тәуелсіздік-азаттығы қазағымның,

Тәуелсіздік қашанда ғажап ұғым.

Бізге оңай келген жоқ егемендік,

Сондықтанда қастерлей білуді ұғын.

Тәуелсіздік маңдай термен келген ұлы жеңіс. Тәуелсіздік үшін қаншама қан, қаншама тер, қаншама күш жұмсалды десеңізші. Бұл егемендік күнге жету үшін өз бастарын қатерге тіккен жастарымыз қыршыннан қиылып  жастық шақтарына, жас өмірлеріне балта шапқан ең ауыр, ең қиын күн еді. Бұл күн бәрінің есінде. 1986 жылы желтоқсан айының 17 жұлдызы. Тәуелсіздік үшін барша жастарымыз қала орталығына жиналып,өз өмірлерін қатерге тігіп қиындықтарға төзді. Оқиға барысында 99 адам сотталып, 264 қазақ студенттері оқудан шығарылды. Осыншама қиындыққа төзген қазақ жастарының потриоттығының арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан күні тәуелсіздік алып,әділеттілікке қол жеткізген ерекше күн болды. Міне биыл 2020 жыл тәуелсіздігімізді тойлап, мамыражай өмір сүріп жатқанымызға бақандай 29 жыл толды. Осыншама жыл ішінде қаншама нәрсе өзгеріп, еліміз қарқынды дамып, гүлденіп келеді. Бұл біз үшін естен кетпес " ҰЛЫ", "КИЕЛІ" күн ретінде санаймыз. Себебі бұл мереке біз үшін орны ерекше, батырларымыз бен елге еңбек сіңірген ұлт зиялыларын еске алатын ұмытылмас күн. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алған күннен бері өзіне тән тілі, діні, ұлты бар бірден бір дербес ел болып қалыптастық. Енді тарихымызға терең үңілсек, осы бір тәуелсіздік үшін небір шайқас, аштық кезеңі, көз жасы, ана мен бала зары неше түрлі қасіретті оқиғалар болып,қайсар, қайтпас,жігері мықты нар тұлғалы батырларымыз өмірден өткенін еске алып ауыр сезімде боламыз. Енді біз тәуелсіз егемен елдің ұрпағымыз. Елбасымыз айтқандай "болашақ жастардың қолында". Сол себепті тәуелсіздікті сақтап қалып, болашаққа нақты қадам жасау біздің қолымызда.  Біздің міндетіміз тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымызды, аға-әпкелерімізді еске алып,армандарын орындау. Тәуелсіздік барысында "желтоқсан оқиғасына" қатысқан әрбір қазақ жастарына бас иіп, шексіз алғыс білдіремін.