Тәуелсіздік-тірегім!

Тәуелсіздік-тірегім!
жеке
блог
 
Кеттік талай,сан күндерден жырақтап,
Тәуелсіз елміз,жеңіске жеттік шуақтап.
Тәуелсіз алған күннің әрбір елесі,
Тұрады екен күш беріп,сені қуаттап.

 

Гүлдене бер,Қазақстаным байрақты,
Тәуелсіз күн сені қайта жайнатты.
Кеше жеңіс алып берген батырдың,
Жолын қуып,болғайсыңдар қайратты.

 

Қазақ үшін,талай-талай тер төгіп,
Елімізде,қуаныш,бақыт толсын деп.
Батырларым аянбады ел үшін,
Халқым менің,тәуелсіз ел болсын деп.

 

Қан төгісіп,соғысып талай ел үшін,
Өз жандарын,құрбан қылды жер үшін.
Сол жылдары Қазақстанды гүлдеткен,
Міне,енді жеп отырмыз жемісін.

 

Төкті талай,ел деп, жер деп қандарын,
Атырып талай,қорқынышпен таңдарын.
Бүгінгі міне,тәуелсіз қазақ елі үшін,
Қия салды,бір-ақ сәтте жандарын.

 

Сол батырдың арқасы ғой жыл сайын,
Тойлап жүрміз тәуелсіздік күнін де.
Сыйлап кеткен,тер төгіп алған тәуелсіз,
Жемісін бізге беріп жатыр бүгін де.

 

Тәуелсіздік алу үшін батырлар,
Қорықпады қиындықтың жолынан.
Жеңіске олар оңай жолмен жеткен жоқ,
Бірі мүгедек бірі айырылып қолынан.

 

Тәуелсіздік сенің,менің тірегім,
Қазақ елі аман болса,тілегім.
Қазақ десе,денем діріл қағады,
Лүпілдейді,соғып тұрған жүрегім.

 

Жүрміз әлі кейбіріміз жырақта,
Тәуелсіз күнін өзгелерден сұрап та.
Тәуелсіздікті азаппенен алған соң,
Кір келтірме «қазақ» деген ұлы атқа!