Тәуелсіздік -Тәңірдің тартуы

Тәуелсіздік! Тәтті ұғым ғана емес,Тәңірдің сыйы.Тәуелсіздік-мәні тереңде жатқан мағыналы ұғым.Еркіндік пен бостандыққа қол жеткізу жолында қаншама қан мен тер төгілді,жан қиарлық танытқан аға-әпкелеріміз бейбітшілік үшін,қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресті.1986 жылдың желтоқсан айында Қайрат,Сәбира,Ләззәт сынды қайсар тұлғалар «қазақты қазақ басқарсын» деген ұранмен шығып,өз тағдырларын қыршыннан қиып,бізге тұғыры биік тәуелсіздікті алып берді.Дәл қәзіргі сәтте осы тәуелсіз елдің ұрпағы болуымызға себепкер болған-осы кісілер.
Тәуелсіздік-қазақ жұртының ең басты мерекесі.Тәуелсіздік-отыз жылға жуық уақыт ішінде қол жеткізген барлық жетістіктің дәлелі.Соның дәлелі,осы уақыт ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп,бәсекеге қабілеттілігін арттырды.Әлемдік Олимпиада жарыстарында топ жарып,әлемнің қақ төрінде тәуелсіздік туымыз желбіреді,Әнұранымыз шырқалды.Тәңір сыйлаған Тәуелсіздігіміздің арқасында бүкіл әлем басқа елдермен терезесі тең қазақ атты халықтың өмір сүріп жатқанын білді.Глобус пен әлем картасын ашып қарағанда да алғаш көзге түсетін ірі мемлекеттердің бірі- Қазақстан атты мемлекетің бар екенін білді.Әлемнің ірі елдеріде біздің тәуелсіздігімізді мойындайды.Көп елдер қызығада,қызғана да қарайды.Себебі,еліміздің тамаша табиғаты,қазба байлықтары көз тоярлықтай.Және салт-дәстүріміз,дініміз бен тілімізде ерекше. 
Егер Қазақстан елі тәуелсіздігін алмағанда дүниеде қазақ халқының барын басқа жұрт білмерме еді?Еліміз тәуелсіз ел болмағанда өз алдына мемлекет құрып билік пен саясатты жүргізе аларма еді?Басқа елдермен достық қарым-қатынаста болалар ма еді?Еліміздің тәуелсіздігі болмағанда дінімізбен қайта қауышып,салт-дәстүрімізді дамыта алар ма едік?Міне,дәл қазіргі уақытта біз тәуелсіздіктің арқасында барлығына қол жеткізіп отырмыз.Осыны ойлаған әр адам тәуелсіздіктің қадірін терең ұғынып,аманатқа қиянат жасамау керек екенін білу керек.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті ,Дінтану мамандығының 2 курс студенті Ризабек Сұңқар Жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, дінтану жане мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У www.kaznu.kz



Бөлісу: