Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый
жеке
блог

    Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманы орындалған мәртебелі күн! Қазастанның басты байлығы- адам және оның бостандығы айқындалған күн! Ел ертеңін еңселеген, бойымызға қуат жиып, әлем елдерімен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейген күн! Тарихтың қойнауына көз жіберсек, болашақ ұрпағы үшін жерімізді қорғап қалу мақсатында қаншама ерлік істер жасалды, қан мен тер төгілді. Жыл сайын жас ұрпақтың санасына қиындықпен келген тәуелсіздіктің теңдесі жоқ байлық екендігін түсіндіріп, жүрек түкпірінде патриоттық сезімдерін ояту- біздің міндетіміз. Келешегіміз кемелденіп, болашағымыз айқындалған бейбіт күнде өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз. Ата-бабамыз аманаттап кеткен ұлан-байтақ жерімізді қадірлей білейік. Тәуелсіздіктің туы төмен түспесін! Тоны тігіліп, түймесі тағылған, болашаққа нық қадаммен келе жатқан Қазақстанымның келешегі ғұмырлы болсын! Мен тәуелсіздіктің құрдасы ретінде, жаңа замандағы жаңа Қазақстан бірлік пен татулықтың жаршысы болсын дегім келеді.Жаңа тарих беттері жақсы жаңалықтырамен толығуын тілеймін!