Есдәулет пен Журфактағы ең сүйікті ұстазымыз - Мұрат Шаймаран.
"Тәуелсіздік мерекесімен желтоқсан құрбандарын еске алу күнімен шын жүректен құттықтаймын, мақсатымыз биік, достығымыз берік болсын!" бұл группалас досым Есдаулет Қожекеновтың мереке қарсаңында сағат түнгі он екіде ұялы телефонға жазған хаты. Мен Тәуелсіздік мерекесіне орай, осындай құттықтауды өмірімде бірінші рет алдым. Ерекше патриоттық сезімді оятқан досыма шын көңілмен ризашылығымды білдіре отырып, мен де өз контактімдегі достарыма кезек-кезек жазып, қуана құттықтадым. Осындай қарапайым ғана жазылған ұлы сөздер адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелейді.
Менің контактімде жоқ барша қазақты 16 желтоқсан күнімен құттықтаймын!!! Жүректеріңіз тәуелсіздікті әрдайым сезіп жүрсін, қазақы рухтарыңызды жоғалтпаңыздар! Мереке жыл сайын өз деңгейінде аталып өтсін! Біз үшін қан төккен барша "Желтоқсандық құрбандардың" аруағына тағзым етіп, олар жаққан алауды өшіріп алмайық!!!