Тәуелсіздік күніне орай жұмыс орныңды безендіру

Тәуелсіздік күніне орай жұмыс орныңды безендіру
жеке
блог

Достар, бүгінде Тәуелсіздік күнінің басты символы - теңге, рәміздер, Ата Заң т.б. болып табылады. 

Тәуелсіздік күнімен жақындарыңызды құттықтап қана қоймай, үйге, кеңсеге Тәуелсіздікті "ала кіріңіз". Отырған жеріңізден мейрамның иісі аңқып тұруы үшін мынадай шағын безендіру жасауға болады. 

Тәуелсіздігіміздің басты символдарының бірі - мемлекеттік ту. Панама елінде Тәуелсіздік күнінде кішкентай ту ең көп сатылатын тауарға айналады екен. Біздің елде де суреттегідей шағын ту біраз жерде сатылады. Кеңсе тауарларын сататын жерден, оқу құралдарын сататын жерден, және базардан табуға болады. Бағасы - 150, 250 теңге. 

Бас Ордамыз Астана қаласынан әкелінген шағын ескерткіштерді орналастыруға болады. 

Стикер қағазынан мынадай жазулар қиып жабыстырып қоюға болады. Ата Заңымыз Конституцияны бір ақтарып шығу да артық етпейді. 

Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!!! Тәуелсіздігіміз ұзағынан болғай...