Тәуелсіздік күнімен!

Тәуелсіздік күнімен!
жеке
блог

Айналайын тәуелсіздік атыңнан!

Ғасырдан -ғасырға жалғасып, жылдармен жылжыған қатпар тарихымыздың алтын бетін жазған тұғырлы тәуелсіздігімізге биыл 20 жыл! Осы бір айтулы мереке баршамызға құтты болсын!

Еліміз күннен-күнге өркендеп, гүлденіп келеді. Әсіресе, өршіл жас буын өкілдері ерекше белсенділік танытып, халқымыздың статусын көтеруге өзіндік үнін қосуда. Блумберг агенттігі  дамыған елдер экономикасындағы белсенділік 23-30 жас аралығындағы адамдарға тиесілі деп хабарлайды.  

Тәуелсіздік қарсаңында жол тартқан Массагет.кз жобасы алдына биік мақсат қойып, ҚазНет оқырмандарының қажеттіліктерін өтеуді көздеп отыр. Сайт сақадай-сай деп айта алмаймыз, дегенмен, бәрі де бірінші сатыдан басталады ғой...

Батырлардың қанымен, арулардың арымен келген Азаттығымыздың арайы жалпақ жұртқа шуақ болып шашылсын, Тәуелсіздікке тарту болған сайтымыз қазақтың мүддесіне қызмет етсін!!!