Тәуелсіздік ата-бабалар арманы
блог
Тәуелсіздік ата-бабалар арманы
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
Биыл тәуелсіз ел болғанымызға да 30 жыл толыпты.1991 жылы 16 желтоқсан қазақ халқына үлкен бақыт бостандық алып келген болатын.Бұл күн халқымыздың төбесін көкке жеткізген ерекше сый болды.
Тәуелсіздік-киелі ұғым.Айтылуға оңай болған сөздің астында қанша салмақ бар.Азаттығымыз үшін жасалған қадамның барлығын тарихтың әрбір бетіне үңіліп,айқын байқаумызға болады.Қан судай аққан шайқастар,аштық,жау тылында қалған халықтың мұңы мен зары,діні мен дәстүрі ысырлған кездер.Қазағымның басына не келіп,не кетпеді?
Ер-азаматтарымызбен бірге ақ жаулықтыларымызда қолына қару алып,атқа қонды. «Елім-ай» деп еңіреген халқымның тарихын естігенде кімнің де болмасын жүрегі елжіремей қоймас.
Сан сапырылыс пен талай тауқыметті бастан кешкен қазақ халқының тарихында 1930 жылдардағы ашаршылық ешқашан ұмытылмайтын, керісінше, уақыт өткен сайын зардабы сезіле беретін ауыр кесапат болды.Осы жылдары халқымыз бір үзім нан таба алмай қиналған ауыр кезең болды.Бұл жағдайда ата-бабамыздың басынан өтті.
1941 жылы болған «Ұлы Отан соғысы» қай отбасыны болмасын зарлатпай қоймады.Біреуді әкесіз,біреуді баласыз,енді біреуін ағасыз,інісіз қалдырған сұм соғыс елімізге ауыр зардап алып келді.Отан үшін отқа түскен қаһарман ұлдарымыз бен қыздарымыздың арқасында бұл соғыста жеңіспен аяқталды.Қай кезде болмасын халқымыздың арманы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған уақытта өмір сүру еді.
1986 жылы болған «Желтоқсан көтерілісі» халқымыздың бүтін бір ел болуына елеулі әсер етті.Қайрат,Сәбина,Ерболдай рухы мықты азаматтарымыз өзгенің басшы болуына қарсы болып,көтеріліске шыққан болатын.Арадан уақыт өтіп еліміз өз тәуелсіздігін алды.
Өздері болмаса да,ұрпағы тәуелсіз елде өмір сүрсін деп жан таласқан ата-бабамызды ұмытар жайымыз жоқ,десек те ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен елімізді қорғаған бабаларымызды өскелең ұрпақтың құлағына құйып отыру керек деп ойлаймын.Еркіндік үшін жасалған жайттардың барлығын айтсам,ешқашан тауыса алмаспын.Ендігі біздің міндетіміз тәуелсіздікті аман сақтап,келесі ұрпаққа аманаттау.Халқымызды келіп жеткен тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,ғұмыры ұзақ болсын.