Ана тілім мылқауланбай сөйлесін,
Көз алдына келтіріп көшпенді ел бейнесін. Желтоқсанда ызғар атқан билікке,
Қарсы тұрған, намысты елдің жамылып ап жейдесін. Қанша боздақ жас жандарын қиғызды,
Қанша тағдыр қасіретін бір-ақ күнге сиғызды.
Тас бауыр, темір құрсау Кеңесте,
Ессіз ерлік, елдің есін жиғызды.
Жасқанбады. Қан ағызып атса да,
Тепкі өтіп, мұз жастанып жатса да.
Жанын қиды, барын қиды, Қазақты,-
Бодан болып қалмасын деп басқаға.
Ойы орыс, орыстанып сынды тіл,
Қасіретің қайқы белі шын бүгіл.
Жас жігітер әке болмай жан берді,
Ана болмай қанша үзілді қыз ғұмыр.
Уақыт алға айдап заман ағысын,
Қарыздармыз Қайрат, Ләззат жаны үшін.
Бүгінгі жас, келер ұрпақ бәрі де,
Боздақтарын батырым деп танысын.
Билік басы танытпасқа тұмшалап,
Ақын ұлың момын елге мұң шағат.
Тәуелсіздік-он алтыншы желтоқсан,
Қазақ үшін қайталанбас сын сағат.
Тәуелсіздік. Қуанышым, қайғымда,
Сағынышпен сан ғасыр құшағымды жайдымда.
Ана сүтін, батыр қанын сіңдірген,
Қасиетті. Тәуелсіз. Қазақ елі айбында!