Тәуелсіздік

Талайлар еркіндікті аңсап өткен,
Өтсе де өкінішпен қанша көктем.
Тәуелсіз елімізді әлем танып,
Жаһанға достық жырын жар сап өткен.
Көгімде көкбайрағым тербетілген,
Қазақтай халық қайда жер бетінде?!
Еңселі елордам бар асқаралы,
Көрген жан сүйсінетін келбетіне.
Қазаққа халық бар ма тең келетін,
Намысы күллі жұртқа дем беретін.
Құшаққа құрақ ұшса дос көретін,
Ұсаққа өкпелесе шерленетін.
Ел едік бай-патшаның қойын баққан,
Алдыда арайланып жайылды ақ таң.
Бойында қазақ дейтін қаныменен,
Ел болдық бар әлемді мойындатқан. 



Бөлісу: