Тәуелсіз махаббат

"Махаббат жасқа қарамайды"...Бұрындары тым үлкен я өзіңнен жас адам көңілін ,сезімін білдіргенде "жоқ" дегеніңе осы жауапты алатынбыз...Бәлкім қазір де. Заман жас тұрмақ,руы ,тіпті жынысы бірлерді қосатын жағдайға жетті ғой. Құдай бетін аулақ қылсын. Алайда маған мынадай ой келді. Ой емес-ау, сұрақ. Жауабы бар деуге қорқатын,бұрыс болып қалса ше деп шешімге келуге сескенетін сұрақ. 

Адамды дұрыс танымай ,оның тегін,руын,кім және  қандай адам екенін білмей ғашық болу дегенге сенбеймін сенгім келмейді,ия әлі талай осы ойда болармын. Жігіт менен кіші болмау керек деген қағида,-заң. Бірақ...бірақ... Жігіттің жанында өзіңді "кішкентай періштедей" жо-жоқ,"кішкентай ханшайымдай" сезінетін болсаң ше?! Сенің үлкендігің сезілмесе,тіпті ойда жоқ,толығымен сол "жасы кіші" серінің қамқорлығында екеніңді сезініп, төмен болсаң ше?! Бұл жердегі "төмен" дегенді нағыз қазақ қыздары ғана ұғады деп ойлаймын. Ия,мен өзіңнен үлкен жігітті емес жасы кішісін айтып тұрмын...Расында,сондай жағдай болса қайтпек керек?!

Мен алғаш рет өз заңыма өзім қарсы келіп осы ойды санама тіреп отырмын. "Бола ма, болмай ма-ның" арасында сана тоздырып отырған жайым бар... Әдетте ,жігіттің кіші екенін іс-әрекетінен,сөздерінен, жүріс-тұрысынан-ақ сезесің.Тіпті кей жігіттер бар сенен 5-6 жас үлкен бола тұра  "баланың" әңгімесін айтып, "сенен кіші" екенін байқатып көңіліңді су сепкендей қылады. Ал бұл жағдай керісінше, сен одан 1-2 жас болса да "үлкен" екеніңді білесің,мойындап та тұрсын,қайда барасың,бірақ сол "кіші" серінің серілігі көзді ғана тойдырмайды,шындап жаныңда "нағыз ер адамның" барлығын байқатып ерекше күйге бөлетеді. Сені  жас баладай еркелетеді, оның жанында қамқорға байсың,қорғаныш бар,"әкеңнің" қамқорында жүргендей  сенімді қолда екеніңді сезініп жүресің, сыйластық,саған қараған ,сүйсініп тұрған махаббатқа толы көз бар,мейірім бар, сөзі нық,салмақты сері бар....Сорақысы- өз заңыңа "қарсы" адам. Бірақ сен қалаған адам сол тәрізді. Заманауи қыздардың принциптері сияқты барлық критерийге сай. Аспанға қарап тілеп сұраған адамың,көзбен ,ойша салған бейнең дөп етіп алдыңа түсе салғандай, бір ғана бірағы болмаса... Осындайда не істеу керек, мені осы ой мазалап жүр. Ақылы көп қыз ем,дәрменсіз болатындай сұрақ тудырып өзіме,енді жауабын таппай отырмын... қызық.

Мына суретті неге қойдым,бұл жерде жай бейне болса да мұндағы Мен тым көкірек,өзіне сенімді, айтқанынан қайтпайтын,басқан қадамы үшін өзгенің алдында  есеп бермейтін,ешкімге бағынбайтын өз ережесі мен өмір сүру қағидасы бар , аттан түссе де егардан түсуге асықпайтын қыз тұр. Ол қасиет керек-ақ,алып шахарда мүжіліп кетпес үшін,морт сынбау үшін,бірақ мен нәзік қызбын табиғатымнан, әрі қазақтың қызымын,еркемін. Сол нағыз табиғи кескінімді жасы "кіші" сері ашып, осы екі бейнеге де еркіндік беріп өзіне ,адал махаббатқа  бағындырса не болмақ?!



Бөлісу: