Тәуелсіз журналист

Қызығы мен қиындығы, қауіп-қатері мол, қашанда саясатпен жағаласып қатар жүретін журналисттердің өмірі кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Тәуелсіз сын айтып, еліміздің даму жолына дұрыс бағыт-бағдар беретін, шырылдаған шындықты желбіреген ту қылып ұстап, әрқашан жалғандықпен күреске тоймайтын, жауапкершілігі жоғары, ізденгіш жан журналист деп білемін. Журналистің негізгі мақсаты-адамзаттың өзекті мәселелерін қоғамға зерттеулер арқылы көркемдеп жеткізу.

   Қазіргі таңда беделді журналист болу үшін ақпараттық және мәдени кеңістікке көсемсөз үлгілерін тарату, оның жанама ықпалын тап баса білу, теориялық және практикалық сауаттылық, біліктілік және жалындылық қажет екені айдан анық.

   Журналист болу дегеніңіздің өзі-дәуір үшін жария ету деген сөз. Журналистика-әлеуметтік басқарудың құралы. Онда жалпыадамзаттық құндылықтар: халықтық, көпұлттылық, адамгершілік принциптері үнемі сақаталынып отырады. Журналистка заманымыздың шежіресін жазу мақсатында қызмет етеді. Ата-бабамыздан жалғасын тауып, халқымыздың табиғи талпынысы болып келе жатқан сөз бостандығын рухани бостандық деуімізге болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын да, талқандайтын да қуатты күш»,- деген болатын. Кезінде Напалеон да: «Журналистер күңкілдек, сыншы әрі кеңесші. Олар басшыларды да өз ықпалында ұстайды және халыққа бағыт-бағдар көрсетеді. Мың жау әскерінен гөрі, жат пиғылды төрт газеттен көбірек қорқу керек»,- деген екен. Сол себепті де журналистика қоғамдық-саяси басқару қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады. Көпшілікті тәрбиелеудің құралы ретінде қазіргі заманның тарихын, ұлт тағдырын, елдің тыныс-тіршілігін, белгілі бір кезеңнің шежіресін жасауға қатысып, барлық қызметі мен міндеті творчестволық қайнардан бастау алып келе жатқан журналистика мамандары үшін қай кезде де саясатпен, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, мемлекеттік ақпаратпен, қалың көпшілікпен үнемі байланыс шеберліктерін шыңдауға ықпал етіп отырады. Әлемдегі объективті құбылыстар, жаһандану процесі, нарықтық қатынастар, қоғам өміріндегі іргелі өзгерістер ешқашан журналист назарынан тыс қалып көрген емес.

   Тәуелсіздік алғалы бері уақытты қарап отырсақ, қазақ журналистикасы кейін шегініп кетті деуге болмайды. Салаға жаңа ұрпақ, жаңа толқын, еркін ойлайтын көзқарас келді. Жаңа буынның талпынысы мемлекеттік тәуелсіздік рухында күшейіп келеді. Қазіргі таңдағы ұлттық журналистка- қазақтың ұтқыр әрі талантты сөзі мен көзі, қабілетінің жемісі. Қара сөздің майын тамызатын, от тілді, орақ ауызды, сөйлеген сөзі тіліп түсердей өткір әрі шешен журналистеріміз көбейе берсін!



Бөлісу: