Тәуелсіз елім - тірегім

Тәуелсіз елім - тірегім
жеке
блог

   2016 жылғы желтоқсан айының 13-і күні «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – тірегім» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан 25 жас суретшінің туындыларынан құралған көрме ұйымдастырылды.

1

  Іс-шараны ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты – іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың өнерін насихаттау, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу.

  Дөңгелек үстелдің тақырыбын жан-жақты ашу үшін қонақ ретінде жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбай, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Кескіндеме және мүсін кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Байқоңыр Ижанов, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент Айман Асылбекова, сондай-ақ Өмірәлі Исмаилов, Гүлназым Өмірзаққызы, Бейбіт Әсемқұл, Айдос Есмағанбетов, Сырлыбек Бекботаев,  Гүлмарал Тәтібекова,  Толқын Табысбек, Наталья Лигай, Қайрат Жайырбекұлы, Жанна Нүгербек, Жеңіс Молдабеков және т.б. жас суретшілер қатысты.

  Дөңгелек үстел жұмысын «Астана» ұлттық сурет галереясы директорының орынбасары Ерлан Асқарбеков сөзімен бастады. Ерлан Асқарбеков өз сөзінде  халқымыз үшін ең басты әрі қастерлі мейрам, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын еңсеріп, қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұрып, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгенін атап өтті. Сондай-ақ халқымыз 25 жылда тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды. Төл өнеріміз бен бай мәдени мұрамыз әлемнің рухани байлығына қосылды деді. Қазіргі таңдағы басты стратегиялық міндет – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына экономикалық көрсеткіштерімізбен ғана емес, ұлттық өнеріміздің жетістіктерімен де кіру маңызды міндеттердің бірі екенін көрсетті. Сөзінің соңында дөңгелек үстелімізге жиналған 25 жас суретші осы мақсатты орындауға өзіндік үлесін қосады деп сенім білдірді.

2

 Алғашқы болып сөз кезегін алған жазушы Қуаныш Жиенбай Тәуелсіздік сынды қасиетті ұғымды ұлықтаудың, ұлттық өнерімізді насихаттаудың маңызы туралы, осы істе өнер адамдарының, соның ішінде суретшілердің атқарар рөлі туралы, өскелең ұрпақ бойында ұлтжандылықты қалыптастырудағы бейнелеу өнерінің рөлі туралы кеңінен сөз қозғады.

3

 Осыдан кейін сөз кезектері профессор Байқоңыр Ижановқа және өнертанушы Айман Асылбековаға берілді. Екі ұстаз Тәуелсіздік жылдарындағы бейнелеу өнерінің дамуы туралы, соның ішінде жастар өнерінің дамуы туралы, оның ерекшеліктері, жастардың жаңа бағыттардағы ізденістері туралы жан-жақты сараптап айтып берді. Сондай-ақ бейнелеу өнерінің әр бағытында қалыптасқан, өз өнерімен танылып үлгерген жас өнерпаздардың, осы дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылған көрмеге қойылған ерекше туындыларға тоқталып өтті.

4

  Ұстаз-ғалымдардан кейін дөңгелек үстелге қатысушы жас суретшілер сөз кезегін кезек-кезек алып, ұсынылған тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салды. Еліміздің тәуелсіздігі кезінде мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері, шығармашылық жоспарлары туралы әңгіме болды. Жас суретшілердің музейлермен, галереялармен бірлесе жасаған жұмыстары талқыланды.

5

 Жас суретшілер өз шығармашылықтарында ел тәуелсіздігінің басты тақырыптардың бірі болғанын баяндап, осы тәу етер қасиетті ұғым шығармашылықтарындағы шабыттың қайнар көзі екенін айтты.

 6

 Жас суретшілер сөздерінде нақты ұысыныстар мен идеялар да ұсынды. Олардың бірқатары төменде келтіріледі:

- Жас суретшілер одағын құру. Қатысушылардың айтуынша мұндай ұйым жас суретшілердің өзара пікір алмасып, бір-бірлеріне қолдау көрсетіп, көрмелер ұйымдастырып, қызметтерін үйлестіру үшін оңтайлы болмақ;

- еліміздің әр түрлі журналдарының мұқабаларында, ішкі беттерінде суретшілеріміздің туындыларының суретін беру. Бұл жайт еліміздің бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығын насихаттау үшін тиімді болмақ;

- Бейнелеу өнері сабағын мектеп оқушылары арасында насихаттау. Мектептерде бейнелеу өнері сабағының сағаттар көлемін арттыру. Өйткені бейнелеу өнері оқушылардың қиялын шарықтатып, талғамын арттырып, инновациялық ойлауына әсері мол екен;

- Жас суретшілердің Астана-2017 ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысуын, олардың шығармаларына арнап арнайы павильон берілуі қарастырылса деген тілек білдірді. Осы сынды шара ұлттық өнерімізді шетелдік қонақтарға насихаттауға үлкен септігін тигізетіндігі айтылды;

- Осы сынды кездесулер, сондай-ақ «Нұр-Отан» ХДП-ның және т.б. партиялар өкілдерінің қатысуымен, басқа да өнер адамдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, талқылаулар, пікір алмасулар өткізіліп тұрса деген тілек білдірілді.

7

 Дөңгелек үстел аяғында қатысушылар өз ара сауалдар алмасып, жауаптар алысты. Осы сынды кездесулерді жиі әрі жүйелі өткізіп тұруға уағдаласты.    

  Жиыннан кейін дөңгелек үстелге келген қонақтар мен мектеп оқушылары көрмені тамашалады.

korme

korme1

kory1

 kory3kory4