Тәуелсіз ел тұғыры

Міне, Тәуелсіздік таңы жарқырап, төбемізден нұр шашқанына жиырма екі жылдан асты. Тәуелсіздік ереуілі атқа ер салып, егеуілі найза қолға алып, қазақ елі үшін қан мен терін аямай сарп еткен, дұшпандармен жүз тайыстырып, жүн терісін сыпырып, қарсы тұрған бабаларымыздың асқақ арманы еді. Алқымынан алғандарды аяғын аспаннан келтірген қазақ азаматтары. Есек құрты мұртына түскен байларға қарсы шыққан, бет бақтырмай елі, жері үшін жан пида деген, шындықты бетке айтатын ерлердің арқасында қазақ елі  Тәуелсіздік таңын қарсы алды.

Майдан шебінің алдына шығып, шабуыл қаупі төнсе де, тырым-тырақай қашпай, қара қошқыл түтіннен де, лаулап жанған оттан да өткен азаматтарды аброймен айта аламын. Кезінде Қабанбай мен Бөгенбай, Махамет пен Исатай сықылды қазақ жауынгерлері, Бауыржан Момышұлы, қыршынынан қиылған Әлия  мен Мәншүк сияқты қазақ бойжеткендері, бертін келе Қайрат ағамыз бен Ләззат апамыздайа батырлар қанға боялған шайқас алаңында соққы екпініне қарсы тұрды. Қара түнді қақ жарған семсерлердің жарқылы, зеңбіректердің зіркілі, асфальтқа түсіп жатқан қаруларының сытыры батырларымыздың өмірінен ешқашан кетпейтін дыбыстар мен үндер. Бораған аяз бен аптап ыстыққа да төзіп, ұйқысыз түндер өткізіп, жұмыстан бойлары қажығанына қарамастан алға жылжып, бейбіт күнге нық қадамын басты. Міне, енді ғана Тәуелсіздік таңы жарқырап, жан-жағымызға құлаққа ұрған тыныштық орын алды. Бабаларымыздың көздеген мақсат-мүддесі орындалды.



Бөлісу: