ТАУЕЛІБАЙ - АТАМЕКЕНІМ

ВКонтакте желісіндегі "Тауелібай - атамкенім" деп аталатын бұл парақша қасиетті Қызылқұм мен таудың арасын жалғап жатқан қазақтың байырғы Тауелібай жерінің тумаларының басын қосу мақсатында құрылған болатын. Бүгінде  парақшаға 2000 нан астам адам жазылған.

Тауелібай қайда, оның қазаққа қатысы неде?

Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Науайы облысының солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех ауданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау (948м), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \"Тауелібай\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Тауелібай бір сөзбен айтқанда өзбек елі аумағандағы қазақ ұлты мекен еткен алып мекен.

Бұл парақшаның мақсаты Өзбекстан аумағындағы қазақтардың тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, ауыл-аймақ жаңалықтарын тарату. Бізде шеттегі қандастарымыз туралы сіздерге келесі блогтарымыздан бастап мәліметтер береміз.

Суреттер сөйлейді... .

Ауылдың майлы құрты.

9 мамыр мерекесі.

"Бірлік" ауылы.

Тасаттық.

Қозықұйрық.

Базардағы наспай сатушы.

Кеурек.

Ауылдың ыстық наны.

Біздің қала осындай.

Ауыл қариясы.

Шәмшіні ғашық еткен Ақтау тауы осы.

Сейтқұл әулие және Әйтеке биге қойылған арнайы белгі тас.

Үшқұдық қаласы.

"Дракон" дәмханасы.

Төрт жолдың торабы.

Р. S: Өзіңізді қызықтырған, Тауелібай туралы білгілеріңіз келген сұрақтарыңыз болса пікір алаңына қалдырыңыздар. Сондай ақ Өзбекстандық қазақтар туралы не білгілеріңіз келеді? Біз сіздерге қуана жауап беруге дайынбыз.



Бөлісу: