Тауелібай топыраған мекен еткен қазақтарда үйлену тойы ерекше атап өтіледі. Бұл күні той иесі барын халық алдына шығарады ))). Негізінен жергілікті халықтың басым бөлігі қалыңдықты той алдында алып қашып келеді.
Қыздың келісімінен соң қыз жағына құда жіберіледі, ол жақтан қуғыншы келеді. Көбіне осы сәт үлкен ұрыс алаңына айналып, жасы үлкен қариялардың басуымен екі жақ мәмілеге келеді.
Той түн ортасынан бастау алады, келін шымылдыққа отырғызылады.
Шымылдық.
Келесі күні халық беташарға жиналады. Таң атпастан той дайындығы басталады.
Беташардан алдын күмбірлеп күй ойнап, тойға жиналған халыққа палау таратылады.
Тойдан алдын.
Енді аулада келіннің беті ашылады, яғни беташар... .
Беташар аяқталған соң, тойға келген той иесінің жақын туысқандары үшін келіннің қолынан алғашқы "тәтті шай" ішіледі.
Жастар кешінен алдын алыстан келген ағайынмен құда - жекжат үшін қой сойылып, бесбармақ тартылады.
Үлкендер жағы тамаққа отырғанда, жастар сейілге аттанады.
Кешкілік аулада немесе тойханада жастар үшін жастар кеші өтеді.
Тойдан соң келіншек 40 күн бойы күйеу жігіт үйінен басқа жерге бармайды, бұл уақытта басындағы шарқатыда шешілмеуі керек.
Қыздың ата - анасына қыз құны, яғни қалыңмал төленеді. Қыз жақта өз кезегінде қызының соңынан оның дүние - мүлкін алып келеді.