Тәуба

 

Бақыттымын, керегімнің бәрі бар,

Отбасым мен туыстар бар сағынар.

Аллаға шүкір, аман болсын басымыз,

Ал дүние  аман болсақ табылар.

 

Екі-үш қабат болмаса да панам бар

Панам барда себебім жоқ алаңдар

Даңғарадай қамалдарда тұрса да

Бақытсыз боп жүр ғой кейбір адамдар.

 

Ақ наным бар, нанменен ел емделер,

Ақ наныма бар ма тағам тең келер.

Жілік-жілік соғым сойып жатса да,

Бақытсыз боп жүр ғой кейбір пенделер

 

Жалақым аздау, сенбесеңдер санаңдар,

Бұған да шүкір, себебім жоқ алаңдар

Қалтасында сансыз ақша болса да

Бақытсыз боп жүрғой небір сараңдар

 

Тәуба, осы күніме тәуба Аллам...

 



Бөлісу: