Жастыққа басымды қойсам тәтті ұйқының шырмауына түсетін едім. Кеше олай болмады. Қайдан ғана жаңалықты қарадым екен(((. Шымкентте деді ме, есімде жоқ үш баласын қытайдың сумкасына салып, далаға тастап кеткен көкек ананы көрсетіп еді. Балалардың үлкені үште дейді. Байғұс балапандар-ай. Үрпиіп отыр. Қатал тағдардың тәлкегін әлі түсінбеген олар, бірін бірі беттерінен сүйіп қояды. Қайтсын енді....
Тым болмаса далаға емес, балалар үйіне тастаса нетті? Әәәй... неткен қатал жүрек, жүректерін түк басқан қатігез аналар-ай. Жаздық киіммен үш баласын мына қақаған қыстың қаһарына қалдырып кеткені несі? Баға алмаса, мойнына жүк көтере алмаса, қиналса, балалар үйіне берсін. Ең болмаса жан жылулығын көрмесе де тәні жылы жүретін. Біреулер бір балаға зар болып, біреулері кесір етіп жүрген заман-ай. Ай, сол сөмкеде бала емес, қытайдың жансыз тауары болса, солай тастар ма еді? Әрине жоқ.Тастамайтыны анық. Сонда іштен шыққан шақалақтар тауардан да арзан болғаны ғой. Жүрегім езіліп, қан жылады. Жастығым шылқып кетті. Жолдасым жылауымның себебін сұрады. Сол жаңалықтан көргенімді айтып едім. «Әй ондайлар көп қой, санасыздардан не сұрайсың» деді. Тұрдым да түннің жарымында құран оқыдым. Осындай санасыздардың кесірлері балаларға тимесе екен деп тілеп. Басқа қолымнан түк те келмесін біліп. Көзім ісііііп тұр әлі.