Тау етегінде тұрып жоғарыға көз салғанда

Тау етегінде тұрып жоғарыға көз салғанда
жеке
блог

Әкемнің айтулы суретші досы болды. Мен әр рет оның үйіне қыдыра барғанымда, одан сурет сызуды үйренуге келген көптеген жас сызушыларды жолықтырам. Ол үнемі оларға сабырлылықпен нұсқау көрсетіп, көп уақытын зая қылатын-ды. Ол тіпті талантты жастардың сызу қуатын арнайы мекемелерге таныстырып, олардың табысқа жетуіне көмектесін жүретін. БАҚ-та да осы талантты жастарды үгіттеумен айналысуын тоқтатқан емес. Мен оның қымбатты уақытын босқа жіберетіні мен сол жастарды демеу үшін борыштар адам сияқты жұмыс істейтіндігіне төзе алмай: «Атай, несіне әуре боласыз? Саусағыңызды бірнеше қимылдатсаңыз-ақ ақша мыңдап-миллиондап ағылмай ма сізге қарай, сіз болсаңыз біткен уақытыңызды осындай жай адамдарға жұмсайсыз...» дедім кейіп. Ол аңтарылып қалды да, күлді. Сосын маған: «Мен саған бір әңгіме айтып берейін, қырықнеше жылдың алдында, бір жай суретші өзі сызған суретін арқалап орталық қалаға келіпті, өзі табынатын әйгілі суретшіні іздеп тауып, одан нұсқау алып, шәкірт болуды армандайды екен. Іздеп барғанында, әлгі әйгілі суретші бұның атағы жоқ қарапайым адам екенін білген соң, суретінің орауын да аштырмай, жұмысым бар деп, қонақты шығарып салуға бұйырған екен. Алгі жас жігіт есік алдына таяп барған соң, артына бұрылып «Суретші мырза, сіз қазір тау басында тұрсыз, тау етегіндегі адам сізге әрине шынашақтай болып көрінеді. Ал мен тау етегінде тұрып тау басындағы сізге үңіле қарасам сіз де шынашақтай болып көрінетініңізді ұмытпаңыз» дей де, алшаңдай басып шығып кетеді. Содан бастап әлгі жас талап күш сала суретшілікті үйреніп, өнерін дамытып, аздаған атақтарға ие бола бастайды, бірақ, сол көңілсіз жүздесуді мәңгі есінен шығармайды. Үнемі өзін ескертіп, бір адамның жоғары-төмен болуы оның тұрған орынымен өлшенбейді, қайта оның адамгершілігі, кеңпейілділігі, алған тәрбиесімен өлшенеді... Сол жас жігіт мына мен едім» деп әңгімесін аяқтатты.

Кейін ол бір сурет сызып, маған сыйға тартты. Оны кітап бөлмесіне іліп қойдым. Сызғаны биік құзарлы тау екен, тау төбесінде бір адам, тау  етегінде бір адам бір-біріне қарап тұр. Үлкен-кішілігі бірдей.