ТАТУАЖ ЖАЙЛЫ БІРЕР ӘҢГІМЕ АЙТАЙЫҚ, ҚЫЗДАР)))

Көктем біздің жаққа да жете бастады)) Қыздардың бәрі бір кереметке асығып, құлпырып, жайнап, әдемі болып жүр немесе болуға тырысып жүр. Сол тырысып, тырмысып жатқандар қатарына қастарын қырып, татуаж жасатқандарды көрсем, жаным ашиды. ҚЫЗДАААР, СҰЛУЛАААР, өтініш, әдемі түрлеріңе он, тіпті он бес жыл жас қосып, өңдеріңді қашырып, сұлу қылудың орнына ұсқынсыз бір кемпір қып жіберетін бұл процедурадан бас тартыңыздаршыыыы!

Қас пен кірпік қыз бейнесінің басты детальдары. Кезінде Коко Шанель айтқан : "Келбет көркі-қас" деп. Келіспеске болмайды. Әрине, әр біріміз "қас кірпігің қарлығаштың қанатындай қап қара" деп жырлайтындай емеспіз, тіпті кейде табиғат бізге бәрін беріп, қас туралы аса қиналмаған секілді боп көрінеді. Алайда, татуаж қастан, сол бір табиғи қастарыңыз артық.

Жақсы маман кез келген қасқа әдемі форма келтіріп, оны сауатты, дұрыс бояп үйретеді. Келісемін, күнде таңертең қасыңды бояу, екеуі екі түрлі болып кетпеуін қадағалау секілді әрекеттер шаршатады, бірақ сұлу болу оңай деп кім айтты?))))

 

Татуаж жасатпаған, алайда сондай оймен жүргендерге алтын сырға:

- татуаж кәдімгі татуировка, ол адам терісіне зиян.

 - татуаж бояулары кейде қызыл, жасыл, тіпті апельсин түстес болып кетуі мүмкін.

 - татуаж арқылы әр түрлі жұқпалы ауыр дерттер берілуі мүмкін (гепатит, СПИД және т.б.)

- тері ауруларын жұқтыру ықтималдығы жоғары

 - АЛЛАдан қорқатындар үшін: ТАТУАЖ КҮНӘ.

- СӘНҚОЙЛАР ҮШІН:  татуаж сәннен кетті, оны бұл процедураның көпшілікке қолжетімді болғанын байқауға болады. 

ТАТУАЖДЫ ЖАСАТУ БІР ҮЛКЕН ЖӘНЕ КҮДІКТІ ҚАДАМ БОЛСА, ОНЫ ЖОЮ ТІПТІ ҚИЫН ЖӘНЕ АУЫР ПРОЦЕДУРА. ТАТУАЖДЫ ЖОЙҒАННАН СОҢ БЕТІҢІЗДЕ ТЫРТЫҚТАР ҚАЛАДЫ. АЛ ТЫРТЫҚ ОРНЫНА ҚАЙТАДАН ҚАС ӨСІП ШЫҒУЫ ЕКІ ТАЛАЙ!!!

 

 

 



Бөлісу: