Бірдей азық-түлік және бірдей әдіспен дайындалған тамақтың әр кезде әр түрлі шығатынын күнделікті өмірден байқаған боларсыздар. “Бұның ең басты себебі – дайындаушы адамның көңіл-күйі” - дейді психологтар.
Адамның рухани жағдайы мен көңіл-күйінін дайындап жатқан тамағының дәміне улкен әсер тигізетінін көбі біле бермейді. Егер де асымыз нашар көңіл-күймен немесе жағымсыз бір нәрсені ойлап жатып әзірленген болса, кей адамдар оны жегеннен кейін жүректері айнып немесе асқазандары ауырлық сезініп, ас қорыту процесстері ауырлауы мумкін. Сондықтан да адам ас әзірлеу барысында өзін қолда ұстап үйренгені жөн.
Жапондық ғалымдар біз күнделікті өмірде ішіп жүрген судың құрылымы оның жанында сөйлеп жатқан адамның эмоциясына байланысты өзгеріп отыратынын дәлелдеген. Тәжірибе барысында Гитлердің есімі айтылған судың күйі нашарлап, ал Иисустың аты айтылған су керісінше жақсарғаны байқалған. Ал сол су болса, жиі қолданылатын барлық дерлік азық-түліктің құрамында бар. Демек, біз жанымызда тұрған асқа мұқият болып, оның жанында жағымсыз нәрселер, өсек, өтірік сияқтыларды айтпағанымыз жөн. Өйткені сол жерде сіздің аузыныздан шыққан негативті нәрсенің барлығы тамақпен бірге ішіңізге кіріп, жағдайыңызды нашарлататуы әбден мүмкін.
Ас үйде дайындауға кіріспей тұрып міндетті түрде қолды жақсылап жуып, бұл арқылы тек кірден ғана емес, басқа да шаршау мен түрлі проблемалардан тазаратыңызға сенім қажет. Ас әзірлеу гигиенасы өте маңызды, бірақ мұнымен қатар ішкі жағдайыңыздың гигенасын да ұмытпаған жөн. Тамақ дайындап жатып, жақсы көретін адамдарыңыз жайлы көбірек ойлап, газет, теледидар, әлеуметтік желілерге көздің ұшымен болса да қарамауға тырысыңыз. Бұл да астың дәміне кері әсерін тигізеді екен.
Әр халықтың өзінің дәстүрлі тағамдары мен оны дайындаудың әдістері болады. Біздің халқымыз да астың дайындалуы мен соған қатыстының бәріне ерекше көңіл бөлген. Ерте замандардан бері асты үйдегі әжелер мен аналар бар жанымен беріліп әзірлеген. Бірінші кезекте олар міндетті түрде қолдарын кірден және ойларын жамандықтардан тазартқаннан кейін ғана кірісетін болған. Пештің жанынан бір елі алыстамайтын әжелер әр бауырсақты немерелеріне деген махаббатымен толтыратын. Нәтижесінде барлығы да тіл үйірерлік дәмді болып шығатыны таңғаларлық жайт емес.
Бүгінгі күні барлығы өзгеше. Адамдар жеуге жарамды көрінгенді жей салып, ары қарай ақша табуға жүгіреді. Сондықтан болар, дамыған елдерде семізікке шалдыққан адамдардың саны күннен күнге өсуде. Бұның себебі, аста позитивті зарядтың болмауында. Сол аталмыш заряд біріншіден, жеген адамның денсаулығына жақсы әсер етіп, астың жылдам қорытылып, барлық керекті заттардың денеге сіңуіне көмектеседі. Екіншіден, қарын ашу сезімі сізді ұзақ уақыт бойы мазаламай, жұмыс жасауыңызға кедергі болмайды. Үшіншіден, жалпы жағдайыңыз жақсарып, өмірге деген ішіңіздегі қанағат сезімі өседі. Төртіншіден, ми қызметі жоғарылап, қиын тапсырмаларды жылдам шеше аласыз және шабытыныз да оянады. Бесіншіден, ағзаңыз зиянды заттар мен токсиндерден тазарады. Жалпы айтқанда, аспаздың көңіл-күйі мен ойларының позитивті болуының пайдаларын айтып тауыса алмайтын сияқтымыз.
Қорытындылай келе, ас әзірлеуші адамдарға көп нәрсе тәуелді болғандықтан, бұл процесске мұқият болып, тіпті сіз үшін дайындап жатқан адамның көңіл-күйін түсірмеуге тырысу керек. Қараңғыдағы адамның жарықсыз шалынып құлайтыны сияқты, ықылассыз жасалған дүниені жегеннен бүкіл отбасы мүшелеріңіз өз өмір жолдарында сүрінуі мумкін екенін естең шығармайық.