Тәттілер күні :)

Тәттілер күні :)
жеке
блог

Тәтті құмармын :) сол үшін, апта аяғына қарай міндетті түрде тағы бір экспериментімді бастайын дедім)))

инеттен: құм печенкесі(Песочное печенье), шоколад рахаты(шоколадные колбаски), бауырсаки)) мәзерлерін көшіріп алдым.

Ал кеттік :)

 

16 наурыз бірінші күні:

құм печенені пісірдім, тура сестрамдікіндей болмады (өзім жасаған өзіме неге қатты ұнамайтынын түсінбедім:) ) барс/барс 2 қолымда алайда, бұлайда күйді/ау))))

сосын сол печенкені үігітіп, қоюлатылған сүтпен+сливоч.май+какао қосып арластырып шоколадные колбаски жасадым.

тоңазытқышға қойып қатты-ау дегенде кесіп суретке шырт еткізіп түсіріп алдым)))

 

17 наурыз екінші күні:

бауырсақ пісіру арман, то есть керемет нағыз тетамдікіндей жұмсақ, томпиған бауырсақ пісіріп көрмептім))) осы уақытқа дейін небір сәтсіз жағдайлар болып тұратын осы қамырға келгенде. сосын қамырмен өте бір комплекс* қалыптасқан менде, кейн айтармын не жағдай екенін)))

әзірге бауырсақ жайлы айтсақ ;) мүмкін сәтсіздікті жеңіп, сәттілікке бір қадам жасамақ болып, бұл жолы қамырды айранмен ашыттым, ашығанда айып жоқ. айран+қант+дрож+тұз салып ашыттым. жақсы ашыды, бірақ бәрібір сол бірақ неге? неге? деген сұрақтар тұрып алды))))

қолдарым күйіп пісірдім, сосын алдыңғы түні өмірден қайтан сестрам Мақпал түсімде жүр екен. соған 7 шелпек пісіріп көрші апама құран оқытпақ ниетте шелпек пісірген едім, халын сұрамаңыз))) мен айтпайын, чипсы ұқсап қытырлап, жұп/жұқа болып қалды))) ал бауырсақтар жұмсақ болып шықты.

 

сонымен, тағы/тағы деп өзіме көп мәзір үйренуге бағдарлама қойып қойған жайым бар))) алдағы уақытта істеп көрсеңіздер өте дәмді)))

шайларыңыз тәтті болсын, тәтті күндерде жолыққанша!