Тәтті немеренің тәтті қылығы

    Əжесінің еркесі де, серкесі де жалғыз осы Сұлтан болатын. Шыр етіп дүниеге келісімен ансынан бөліп алып өз бауырына басып, қасынан бір елі тастамай жүретін əжесін ол анасынан бетер жақсы көретін. Оның тілінің ерте шығып, санап-оқуды ерте үйренгені де осы əжесінің арқасы еді. Егін салып, мал шаруалап жүрсе де Сұлтанды қасынан алыстатпай, еңбекке де баулыған. Осылайша Сұлтан бес жасында нағыз жігіт боп шыға келді. Соңғы күндері қартайған əжеге ауру жабысып, мазасы кете бастады. Дəрігер жазып берген ащы дəріге тəуелді болды. Қаламаса да мəжбүр болған дəрісін ішкен сайын "Аһ, ащысын-ай!" деген сөзін  қасынан айырылмайтын Сұлтан үнемі естіп, ащы дəріні құдды өзі ішкендей қиналып қалатын. Ертесіне:
     -  Əже, дəріңді іштің бе?- деді Сұлтан əжесіне əдеттегіден өзгеше жайдары үнмен. Немересінің "Əже, сол дəріні ішпей-ақ қойсаң болмай ма?" деген сөзін күнде естіп үйреніп қалған əженің құлағы Сұлтанның мына сөзін жатырқағандай болды. Ептеп басып ас үйге келген əже шыны ыдысқа суын құйып əзірлегенше, Сұлтан сөреден дəрі салынған құтыны өзі  алып, күлімдеп тұрып əжесіне ұсынды. Немересінің бұл ісі тағы да əдеттегіден өзгеше болды. Құтының қақпағын ашып, алақанына төңекергені сол-ақ еді, ішінен дəрімен бірге ақ ұнтақ төгіле кетті. Мұндайды күтпеген əже немересіне сұраулы жүзбен қарады.
    - Əже, сен ащы дəрі ішпесін деп ішіне қант араластырып қойдым,-деді Сұлтан езуін оюдай оралтып, - енді сен " аһ, ащысын-ай" деп айтпайтын боласың!



Бөлісу: