Тәтті махаббаттың ащы таяғы

Тәтті махаббаттың ащы таяғы
жеке
блог

     Қазақстан ажырасу бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Мәселен өткен жылы елімізде 917000 жұп шаңырақ көтерген болса. Өкінішке орай 45000 астам отбасының шаңырағы шайқалған. Статистиканы сөйлетсек  2019 жылы сот шешімімен 1206 жұп ажырасқан, ал осы жылдың 6 айында 550 жұптың шаңырағы шайқалды. Ажырасу негізінен еліміздегі жас жұптардың арасында өршіп тұр, ал егде жастағы ажырасқан жұптар саны 20% құрайды.

     Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық саны азаяр емес. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Ажырасу көрсеткіші де артып келеді. Психологтардың айтуынша, некенің бұзылуына пандемия да өз кесірін тигізген. Карантинде үйге оқшаулану да мәселені күрделендіріп тұр.

    Екі жаққа кетуге мәжбүр ететін тағы бір мәселе отбасылық кірістің төмендеуі. Оның арты дау-жанжалға  ұласатыны белгілі. Салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылықта көбейеді. Мәселен,соңғы 7 айда 14 әйел жауапты мекемеге арызданған. Өткен жылы Атырауда 3000жуық неке тіркелеген, ал ресми түрде ажырасқандар саны 1500  құрап отыр. Айырылысқандардың басым бөлігі 25-30 жаста.

     Карантин кезінде egov.kz порталына некені тіркеу туралы 1152 өтініш, ал онлайн ажырасуға 311 өтініш түскен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Instagram парақшасындағы тікелей эфирде айтқан болатын.

    Өңірлер бойынша аталған екі көрсеткіш бойынша да Алматы көш бастап тұр. Алматы қалалық Әділет департаменті карантин кезінде ажырасқандар саны күрт өскенін хабарлады. «Үш айда: наурыз, сәуір, мамыр 2 367 жұп шаңырақ құрып, 536 отбасы ажырасты. Оның 309-ы сот шешімі бойынша. Карантин кезінде ажырасулар саны екі есе қысқарды. Кейде өтініш бергендер процеске келмей қалады. Ал отбасын құру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ», – деп Әділет департаменті мәлімдеді. Еске сала кетсек, 2021 жылы елімізде 139,5 мың жұп отбасын құрып, 60 мың жанұя ажырасқан. Өңірлер бойынша аталған екі көрсеткіш бойынша да Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте шаңырақ көтергенде 1,2%-ға артса, жұбын жазғандар саны да 9,1%-ға өскен.

 

Мөлдір ҒАЛЫМ