Тәтті жеп, арықтауға бола ма?

Тәтті жеп, арықтауға бола ма?
жеке
блог

Мен сіздерге өзімнің арықтау жолында басымнан кешкен қиындықтар мен нәтижелермен бөліскім келеді.

Менің ең бірінші қателігім көптеген тағамнан бірден бас тартып, өзіме шектеу қойдым.  Күн сайын көңіл күйім бұзылып, күйзеліске ұшырадым. Тез арада тастаған салмағымды қайтадан тез қосып адым. Өзіме деген сенімділігім жоғалып, айна алдына барғым да келмейтін.

Одан кейін құрбыларымның кеңесіне сүйеніп, университетте футбол үйірмесіне жазылып, тұрақты қатысып жүрдім. Арада біраз уақыт өткен соң, артық салмақтан арылмақ түгілі, жүріс-тұрысым өзгеріп, қыз қалпымнан алыстағандай сезініп, сымбатты ер жігіттерге ұқсап бара жатқанын байқадым.

Студент болғандықтан, фитнес клубтарға не басқа да би, гимнастика секілді үйірмелерге қатысуды қалтам көтермеді. Арықтауға арналған шай, дәрі-дәрмектер, кремдер жөнінде жиі еститін едім. Бірақ олар салмақ тастауға көмектескенімен, өзге ағзаларамыа зияны тие ме деп жүрексіндім. Маған мынадай ойлар маза бермейтін және бұл сұрақтарыма өзімді ақтап алатын жауаптарым да дайын тұратын:

– Бұл мүсінім маған тұқым арқылы берілген;

– Спорт пен айналысуға шамам да, мүмкіндігім де жоқ;

– Тәттісіз өмірімді елестете алмаймын;

– Пайдалы да семіртпейтін тағамдар сатып алу үшін көп ақша керек;

– Кішкене жегеннен семіріп кетпеймін;

– Енді тек бір кәмпит жеймін... енді тағы біреуін жеймін... енді біреуін, сосын болды... тағы біреуін...

– Келесі дүйсенбіден бастап ештеңе жемейтін боламын...

Осылайша салмағым жетпіс килограмнан бір шыққанын байқамай да қалдым.

Өз өзімді қолға алып, салмағымды елу бес килограмға қалай түсіргенім жөнінде келесі блогымда жазатын боламын.