Татар асханасы (байқау)
блог
Қайырлы күн Массагеттіктер. Мен бұл жол татар асханасына шолу жасап татар халқының ұлттық тағамы "Азу" дайындауды жөн санадым. Жасалу жолын сіздермен бөлісе отырайын.
Керекті тағамдар:
Ет
Картоп
Пияз
Қияр
Лавр жапырағы
Сұйық май
Бұрыш
Майонез, кетчуп
тұз
Етті, қиярды, картопты соломка етіп тураймыз. Алдымен сұйық майды қыздырып, етті қуырамыз. Қуырылып, жұмсақ болған соң үстіне пияз салып, тұздап, бұрыштап тағы да қуырып аламыз. Одан соң үстіне шай қасық томат пен 2-3 түйір лавр жапырағын салып, аздап су құйып, 10-15минут жай отта бұқтырып қоямыз. Ет дайын болғанша бөлек кастрюльге сұйық май құйып, картопты қуырып аламыз.(картошка фри) Бəрі дайын болған кезде тəрелкеге фриімізді салып, үстіне етті саламыз.
Одан соң майонез бен кетчупты тор етіп, құямыз. "Азу" дайын. Астарыңыз дəмді болсын!