Тастамаспын АНАМДЫ отқа!

БАҚ беттерінде, "Қазақстанды басып алу керек" дейтін орыстың мақаласы жүр. Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды демекші, оларға да жауап беріп шаршадық. Келіңдер, басып алыңдар, шамаларың жетсе! Бір нәрсені ескертемін, кешегі сендердің Мәскеулеріңді жан беріп қорғап қалған Бауыржан Момышұлы -ҚАЗАҚ! Қазақстанда тұрып жатқандар -ҚАЗАҚ! Және бұл қазақ, тәуелді бола тұрып өзгенің астанасын қорғап қала алған екен, тәуелсіз бола тұрып өзінің Астанасын біреуге беріп қоймас!

Ұлтымды басамын деп алаңдатпа,
Құл болып кете алмайды балаң жатқа.
Тыңдашы, "Отан" деген анам менің,
Ал, онда тастамаспын Анамды отқа!

Марғұлан АҚАН



Бөлісу: