Тастамашы... (монолог)

-Анашым,білесің бе?әр күн санап,Жүзіңді сенің көруді күткенімді.Мақтан тұтам,анашым мына сенің,Құрсағыңа бала болып біткенімді.Әрдайым алтыным деп күлейін,Бойыңа қуанышты сепкілеймін.Анашым мені ұмытып кетпесін деп,Анда-санда ішіңнен тепкілеймін.Мама,үш ай болды құрсағыңда жатқанымда,Үмітпен қарап,әр таңның атқанында.Анашым,ішімдікке жоламашы,Сол дәм маған келеді татқаныңда.Кім-кімнің бұл күндері құны дейін,Тұр ғой, ана от жағылған жылы үйің.Жаурадым ғой,анашым , қалай айтам?Өтінемін,ойла мені,жылы киін.Иә,мені ойлап жүрсін білемін,Соны ойласам,еріксізден күлемін.Ана, бүгін алты ай болды маған да,Сенімен бірге лүпілдеп тұр жүрегім!Анашым,таң атпастан шықтың қайда?Қызықтырып тұрады екен осындайда.Қайда кірдік,кімдер мына ақ қалатты?Е, күнде келуші едік қой осындайға.Мені қаір тексереді,бар уайымды,Терлетіп бір сипармын маңдайымды.Не істеп жатыр мына адамдар өлтірмек пе?Тексерер деп ойласам, жағдайымды.Анашым, өтінейін,аяғыңа жығыламын,Кішкентай жерден қай жаққа тығыламын?Анашым,сен қатігез емессің ғой!Білмедім,барлығының былығарын.Түстім бе?қу тағдырдың кеспегіне,Жүрегің мейірімді кешпеді ме?Сен мені өлтірмедің шүкір деймін,Дәрігерлер өлтіруге кеш деді ме?!Жо-жоқ, ана, сен өзің өлтірмедің,Білемін,ашық сенің көкірегің.Дәрігер емес,сенсін ғой,өлтірмеген,Білдің ғой иә ,ішіңнің кейін өкінерін.Анашым,міне сегіз ай болды бүгін,Орнына тынышталып,қонды үнім.Көз ашқанша бір ай да өте шықты,Бүгін міне құрсақтағы,соңғы күнім.Анашым,мен келемін жарық таңда,Кешірші сені қиналтып,жылатқанға.Керемет дүниені көрдім бүгін,Мың алғыс саған да, бір жаратқанға!Қараймын мына дүниеге аспанға,Рахаттанып, сен адым бірлеп басқанда.Ішіңде сенің жатқан кезде ойлаушы ем,Арайланам деп,нұрымды сізге шашқанда.Мама,бұл не дауыс?отырдық па көлікке?Ана,ойға арсыздыққа көнікпе.Мені неге тастап жатсыз далаға?Тенедің бе,мені сонда өлікке?Мама,кетпеші менен алысқа,жырақтама,Алмаймын суық жерде тұрақтана.Не істей алам?артыңнан жүре амаймын,Жата аламын,іңгәләп жылап қана.Мына жер суық,неге мұздатады?Жүректі де аяқты сыздатады.Анашым,тастама деп айтып ем ғой!Тамағыма сөйлей алмай тұз қатады.Бір иіс бар мына жерде өткірлеген,Таза емес,темір іші көп кірлеген.Қоқыстардың иісі ме біле алмадым,Әйтеуір,сасық иіс сепкірлеген.Мейіріммен көңілді соғыстырып,Оқиғаны өтірік оқыс қылып.Мен сені,кешірейін,мақұл мама,Білемін,тастадың ғой қоқыс қылып.Кінәм менің,сені мейірімге ашпағаным,Сондықтан да, қарайып тұр қас қабағым.Анашым,жетімдер үйі толып жатыр,Тым болмаса,жылы жерге тастамадың.Сөйлей алсам,анашым егерде мен,Жағдайымды бәрібір жақсы дер ем.Сен мені,тастадың ғой қоқыс қылып,Мен сені бәрібір де жақсы көрем!!!                



Бөлісу: