Тарихы терең басылым

«Тарихты білмей болашақты болжау қиын».Талай дүлділдерді ұясынан қанаттындырып ұшырған,көлі мен ауасы жанға дауа ,менің туған жерім Торғай өлкесінің тарихы тереңде жатқаны бәрімізге мәлім.Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты бұл ауданның әл-ауқаты көз қуантарлық.Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатұлы,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды қазақ даласының қазығын қаққан ел азаматтарыда осы мекеннің суын ішіп,топырағын басып өскен азаматтар.Сол кезеңде осы кісілердің өмірі мен қызметін,ел арасында кең көлемде  талқыға түскен мақалаларын жариялап отырған-Торғай газеті.Баспасөз тарихында таза қазақ тілінде жарық көрген ең алғашқы басылым Тургайская газетадан бастау алған.1879 жылы Орынборда ресми органы шығып,1895 жылдан бастап Тургайская газета деген атпен бөлімі шығарылды.Ғұмыры 15 жылға созылған бұл басылымда ғылыми ,мәдени,саяси,әдеби жанрдағы мақалалар жарық көрген. «Басшысын таптаған ел азады,Жолдасын таптаған ер азады»демекші,Тургайская газетаға жетекшілік еткен аудармашы,Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссияның тұрақты мүшесі Балғымбаев Ғабдолғали төрағалық еткен.1866 жылы сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында Торғайдан шамамен 50-60 шақырым жердегі Тұзды ауылында дүние есігін ашқан Ғабдолғали Балғымбаевтың басқару қасиеті өте жоғары деңгейде болған.Оқу округінің алты мәрте ағарту саласындағы қажырлы қызметі үшін алғыс алған.Тек ғылым мен білім саласында ғана емес,өзінің дене шынықтыру,еңбек тәрбиесінде де ойып орынын қалдырған ұлағатты тұлға.Өмірінің соңғы жылдарына дейін халықты сауаттандыруға зор үлесін қосқан.Жалпы біздің саясат үшін газеттің,баспасөздің атқарар қызметі орасан.Оған осы «Тургайская газета»дәлел десем артық айтқаным емес.Газетте жарияланған мақалаларға шолу жасайтын болсақ...Әлеуметті көтеруге өзіндікүлесін қосқан Торғай газетінің №58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша  «Қызыл крест» бастығы Ардашев ұйымдастыруларымен кедейлерге берілген көмек туралы айтылған.Және газеттің осы санында қазақ даласындағы орман шаруашылығын басқару туралы ,атап айтатын болсақ білімді маман Ысқақовтың тағайындалуы туралы мағлұмат берілген. Бұдан біз сол кездегі Торғай газетінің орасан ,зор ауқымдағы тақырыптарды оқырман назарына еркін жеткізе алғанын байқаймыз. Он бес жылдық ғұмыры бар Торғай газетінің тарихы жас ұрпақ назарында мәңгі жатталмақ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің студенті

Досымханова Аякөз Ардаққызы



Бөлісу: