Тарихтың қай күнін бастан өткергім келеді?

Тарихтың қай күнін бастан өткергім келеді?
жеке
блог

1 бөлім

       Ұзақ ойлана келе мен тарихтағы өз орнымның осыдан он тоғыз жыл бұрын басталғанын түсіндім. Мен туылған күнімді бастан қайта өткергім келеді. Сонау он тоғыз жылға кері шегінер болсақ мен ана құрсағына қайта тап болып Мұқағалиша сәби болғым келеді. Алайда, Аманхан Әлімұлы сынды кейде сәби де болғым келмей кетеді.

       Мен туылған күн 1996 жылдың 29 ақпаны. Сәл ойланып қарасақ мен кібісе жылы дүниеге келіппін. Яғни, 29 ақпан төрт жылда бір рет қана келеді. Бұл дегеніміз менің ерекшелігім де шығар. Алайда, кейде оған да күмәнмен қараймын. Анама тіпті бала күнімде кішкене шыдай тұрмадыңыз ба деп қоятынмын. Балалық қой. Қазірдің өзінде барлығы сенің туылған күнің жоқ екен ғой деп қалжыңдауды шығарды.

тарих

Өсе келе түсініп жатырмын. Менімен бірдей уақытта туылған досым да бар. Алайда, ол туылған күнін 1 наурыз деп өзгерткен. Мүмкін, мен де солай жасағаным дұрыс болар ма еді?! Бұл бір бөлек әңгіме ғой, жақында, яғни 2013 жылы сіңілім дүниеге келді. Анығында, 26 ақпанда. Менімен қатар туылғанын қарасай деп кейде әзілдеп қоямын. Енді, төрт жылда бір келетін туылған күнімді мүлдем тойлауды қойдым. Себебі, анам былайша айтқанда екі қоянды бір оқпен атуды ойлап тапты. Сіңілім екеуіміздің туылған күнімізді бір күнде тойлау, әрине, үйдегілерге өте ыңғайлы. Сонымен, енді менде туылған күн жоқ дей беруге болады.

иииииииии

       Жақында бұрын – соңды ойланбаған сауалыма жауап іздей бастадым. Әлеуметтік желілер менің туылған күнімді қай күні достарыма хабарлар екен. Вконтактеде ертең сіздің пәленше досыңыздың туылған күні дейді емес пе... міне, енді расында айдың соңын күтіп жүрмін. Қызық екен. Тарихта бар болсам, қайта өмірге келгім келеді. Бірақ, бұл жолы енді анамның жатырында сәл шыдар ма едім. Өмір есігін қақпас бұрын орынды ай күнін межелеп дүние есігін ашар ма едім... бұл тек бастамасы ғана... Мен мұны өзімнің ерекшелігім деп білемін. Ал сіз тарихтың қай күнін бастан кешірер едіңіз???