Тарихқа түкірме, тексіз...
блог
«Маған тарихтың түк керегі жоқ. Өткен нәрсеге басымды ауыртқым келмейді. Адам өткенмен емес, бүгінмен өмір сүру керек. Қайдан білесің? Сен оқып жүрген тарихи адамдар маскүнем, өтірікші болған шығар. Олардың жазбаларынан пайда бар деп айта алмаймын» - деп КазГу - да оқитын інім ақыл айтты. Өзі 3-курс оқиды. Арманы әкім болу. Үйреніп-білгені осы болса керек сірә. Әкімдікке қадамын адам шошырлық ұстаныммен бастағаны өкінішті. Қазірде інім(туған емес) сияқты тарихта күкірген оңбағандардың саны өте көп. Әдеби мұраларды шетке сырып, рухани құрып жатқан жастар жетерлік. Күлдір-күлдір кісінетіп, күрең мінер кез келгенде іштен шірітетіндерді қайтсек түзейміз? Абайдың: «Замандасың жаман болса сен де кінәлісің» - деген сөзін темірқазық ете отырып бір-екі ой айтқым келді. Кінәлі болып қалмауым үшін. Ақтамбердіні, Қазтуғанды, Бұхарды оқымаған, Абайдың сөздерін көңіліне тоқымаған жастан не үміт, не қайыр? Ондайлар қара басының қамын ойлайтын ер емес ез болып шығатынына 80-пайыз сенімдімін. Бұл - өз ойым. Жеке пікірім. Тамырына су бармаған талдың жеміс беруі екіталай. Қазақы ұлдың жеміс беріп, жайқалуы тереңде жатқан тамырының(егер тереңде болса) бабалар өсиетімен сусындалуымен тікелей байланысты. Мағжан сенген жастардың тізімін толықтырушылардан қарағанда, тізімнен сызылушылардың саны артып бара жақан сияқты. Сондықтан құрметті оқырмын, ертеңіміз жарық болуы үшін өткеннің шамын алуды ұмытпайық....