Магистранттық іс-тәжірибе бойынша Қазақстанның тұңғыш астанасы А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың жүрген жері тарихи қала бұрынғы қазақ жері қазіргі Ресейдің қаласы Орынборда болдық. Қаладағы тарихи орындар өте көп тарихтың исі бұрқырып тұр. Мұражайлар өте көп. Қала таза, тыныш өте керемет. Әрбір көшесінен бір тарихты аңғаруға болады. Қазақстаннан барған соң өзімізге қатысты дүниелерге көп қызығамыз ғой сірә, өзіміз туралы қарастыруға тырыстық. Орынбор қаласында қазақ мәдени этнографиялық музей үйі бар екен. Көңіліме қуаныш ұялатты. Ең қызығы картадан Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үйді көрсетті. Алып ұшып бардық. Бірақ көңілімізге қаяу түсірді. Неге дейсіз ғой барсақ сыртында бір ғана «Қазақтың ақыны А.Байтұрсынов 1913-1918 жылдары тұрған деген тақтайша ғана тұр. Өте ескіріп кеткен ішінде адамдар тұрып жатыр екен. Басқа тұлғаларымыз туралы ондай тарихи орындар мен естеліктер көрмедік. Орынборды жалпы ұлттар мәдениетінің орталығы деп санадым. Себебі қазақ, татар, белорус деген музейлер өте көп екен. Церковтардан да бөлек Мұсылман мешіттерінде көрдік. Жалпы ұлттардың мәдениетіне құрметпен қарайтын жер деп ой түйдім.
Абылай Бекқажиев
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
2-курс магистранты
Тарих-педагогика мамандығы
Ғылыми жетекшісі:
Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті