Тарихи фотосуреттер: “Титаник” апатынан соң...

   Бұл апат 1912 жылы 14 апрелде болған еді. Кемелер арасындағы ең “кереметі”, сол заман технологиясының ең үлкен жетістігі және еш қашан суға шөкпейтін деп бағаланған     “Титаник” сол күні океан түбіне шөккен болатын. Сол уақытта кеменің алды бағытын күзетуші қызыметкер болған Фредерик Флит капитандарға кеме айсбергке бағытталғанын, енді оның жолын өзгерту мүмкін еместігін айтқан болатын. Бар-жоғы екі жарым сағат аралығында кеме жүзуін тоқтатты, екіге бөлініп, океан түбіне мәнгілікке кетті.  Апат алдында “Титаник” бортында 2 224 жолаушы болған. Олардан тек қана 712 жолаушыны құтқару мүмкіндігі болды. Әлем бұл оқиғадан жаға ұстады, өйткені мамандар шөкпейді деп бағалаған болатын. Бірақ...  

"Титаник" жолға шықты.

Кемемен соқтығысқан айсберг осы болатын.

Кеме бағытын күзетуші Фредерик Флит.

Аман қалғандар “Карпатия” параходына жақындауда.

Құтқарылғандар “Карпатия” кемесі бортында.

Апаттан аман қалғандар.

Аман қалған бірінші класс жолаушылары.

Аман қалғандар сақтанджыру ақшасын алуда.

https://massaget.kz/blogs/16246/

https://massaget.kz/blogs/kino/13687/



Бөлісу: