ТАРИХ ТҰЛҒАЛАРЫН ДӘРIПТЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 180 жылдығына орай «Қазақта Кенесарыдай хан өткенбе...»  тақырыбында кітап, сурет көрмесі ашылды. 
Атаулы көрменің ашылуына музей қызметкерлері және қала қонақтары қатысты. 
Көрме экспозициясына Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жайында жазылған  Е.Бекмаханов, И.Ерофеева, Б.Кәрібаевтардың кітаптары мен қолтаңба түпнұсқалары жəне маңызды ақпараттардан құралған 30-дан аса құнды жəдігерлер ел назарына  ұсынылды. 
Ел ардақтыларын дəріптеуге арналған көрмені бір ай көлемінде қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.


Бөлісу: