Тарих - "тариф" емес!

Тарих - "тариф" емес!
жеке
блог

Кеше кім болдық?
Бүгін кімбіз?
Ертең кім боламыз?

Осы сұрақтар төңірегінде сөз қозғағанда, жауап алу үшін тарихты білуіміз керек. Тарихыңды білу, оқу, ұмытпау-сенің болашағыңды жарқын етеді.Кешегіні білмей, ертеңге қадам басу қиынның қиыны. Ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызды ұмытсақ, бүкіл қазақ халқының тілін, ділін, дінін, салт-санасын жоғалтамыз. Аманатқа қиянат жасағанмен пара-пар дүние. 
Алайда, бүгінгі таңда «Тарихты жаңартамыз!» ұраны бой көтеруде. Бір тарихты жан-жаққа бұрмалап өзгерткен дұрыс емес, менің ойымша. Оны өзгерту шындықты көрге көмумен тең.
Алып қарасаң, әр кітапта жылдар, хронологиялар әр түрлі. Ең қиыны да сол. ҰБТ-ге дайындалып жүргенде тестте шатасатын сұрақтар кездесетін. Мәселен, Қасым хан билікті қолына алған жыл?
Нұсқалары: 1511; 1518; 1513; 1514; 1517. Дұрыс жауабы 1511. Ал бізде әр түрлі пікірлер болатын. Себебі, 8-сыныпта бұл 1513, ал 7-сыныпта 1518 деп берілген.Қайсысына сенеміз?
Жалпы, тарихқа көз жүгіртсек, ашылмаған сыры мен жасырылған жұмбағы өте көп. Оның ішінде бұрмаланып, шындық жасырылғандары қаншама! Қинап, қанап, азап шектіріп, біздің қазақ халқына не істемеген десеңші?!
Менің айтарым, көміліп жатқан шындықты өзгертіп, бұрмаламай, әділдік пен ақиқаттың түп тамырын қазып, өткен тарихымыздың шертілмеген сыры мен жасырылған жұмбағын бірге шешейік!
Тарих — «тариф» емес, оңай өзгерте салатын! Шындыққа қарай беттейік, себебі әр халықтың тарихы — сарқылмас байлығы!