Тарих сабағына оқушылардың ізденіс, ынтасын арттыру

Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым саласы. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл сөз бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. Әр ел ұлт болып қалыптасу үстінде , оның ең алдымен тарихы жазылады.

Ал енді осы тарих сөзі қашан, қалай пайда болды? Соған тоқталып көрсек. Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне Рим тарихнамасында  бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында кең қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, тарихи жайттар, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады. Қандай ілім немесе пән дүниеге келсе негізін салатын , соны алып келетін адамдар болады. Жазба тарихтың негізін салушы б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі Геродот болып есептеледі. Яғни қарапайым ғана тілде жеткізсек тарихтың атасы Геродот. Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, Батыс әлеміне «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал Шығыста тарихтың атасы деп Сыма Цяньді атайды екен. Бір елдің қалыптасуын, ұлтын, халқын, дінін, тілін жазып оны осы уақытқа дейін сақтау және жеткізу үлкен мәртебе. Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде патшалар мен хандар түсінді. Олар өз сарайларында болған оқиғаларды жазатын арнайы адамдарды ұстаған. Мұндай адамдарды жылнамашылар деп атаған. Осылай жазбаша тарих дәстүрі қалыптаса бастады, ол тәрбие құралына, мектептерде оқылатын пәнге айналды. Тарих пәні мектепте бесінші сыныптан бастап оқытылады. Біздің елімізде екі тарихты қатар оқиды. Ол Қазақстан тарихы мен Дүние жүзі тарихы пәндері. Осы пәндерді оқыту қажет пе? Тарихты оқып-білу не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты білу үшін қажет. Біз өз тарихымыз арқылы өте маңызды деген оқиғаларды есте сақтаймыз. Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық, ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тек қана осы тарихтан оқып білеміз. Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз. Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас

ұрпақтан ғана елім-жерім , ұлтым деп шырылдайтын мықты ұл мен қыз шығады. Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді. Біздің қаншама ата бабаларымыз кең дархан өз жерімізде тұра отырып, басқа елдің қанатының астында, сол елдің айтқанымен өмір сүрген. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің маңызы мен беделі арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, жастарымызды, өскелең ұрпақты  азаматтанушылық пен патриотизммен тәрбиелеу.

Біздің Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып ,санасында  сақтайтын бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде біреуі атқара алмайтыны сөзсіз. Енді осы Қазақстан тарихын оқытудың негізгі мақсаты қандай? Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған ерлікті, жақсылықты, құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.

7-сыныпта – орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 8- сыныпта – жаңа замандағы Қазақстан тарихы, 9- сыныпта – қазіргі заманғы Қазақстан тарихы оқытылады. Соңғы үш сыныпта да бұл курсты оқытуға 68 сағаттан уақыт бөлінеді. Солай барлық сыныптарда тарихтың екі курсын қатар оқуға қажетті біраз дайындақ алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын баяндайтын әңгімелермен толықтай танысады. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды.   Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын,  зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында  өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия  және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр.

Білім беру бағытында заман талабындағы өзекті мəселелердің бастысы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу, олардың біліктері мен іскерлігін  қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тəжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндік аумағын кеңейту болып табылады. Бұл процестерді жүзеге асыруда тарих пəнінің міндеті мен қызметі, əрине, ерекше.

«Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс – әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек деп  Ушинский айтқандай мұғалім әр сабағын бір сарынды емес, ізденіп жаңа жүйемен, заманауи талаптарға сай өткізіп отырса оқушылардың сол пәнге қызығушылығын арттыруға болады деп ойлаймын. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» – деп, елбасы Н. Ә. Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті. Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық – коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануға міндеттіміз.  Мен өскелең мықты ұрпақтарды тәрбиелейтін, оларды білім нәрімен сусындататын ұстазбын. Менің алдымда отыратын әр оқушы үшін жауаптымын. Сол сабақтан менің оқушыларымның бір пайдалы нәрсені көкейлеріне түйіп кетуі үшін барымды салуға міндеттімін. Әр сабақты балалар үшін қызықты, танымды етіп өткізу – менің басты мақсатым. Мен мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларымның тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, сондай – ақ, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сондықтан сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын, әр сабақта оқушыларды терең ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет – ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың міндеті.Әр  сыныптың білім деңгейі бір – біріне ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді. Әр мұғалім негізгі әдіс – тәсілдерді, өз пәнін жетік білуі қажет. Дарындылық дегеніміз адамзат баласының ерекше ойлау, талдау, есте сақтау қабілеті бар, шығармашылық пен табысты жұмыс ітейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиет. Оқушылардың іздену жұмысының түрлері..Оқушыларға іздену арқылы тест , красворд білдірту.Тақырып бойынша модель құруға үйрету.Тірек конспектімен жұмыс.Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі. Тарихқа арналған сайттардан тың деректер табуға дағдыландыру. Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді . Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе .

   “Ел  мен  елді теңестіретін – білім”  екенін біз  ұлағатты ұстаздар бір  сәт  естен  шығармауымыз  керек  деп  ойлаймын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

 

                               

Рысбаева Салтанат Касымкановна

  Қарағанды қаласы"Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ" КММ тарих пәні мұғалімі.

 



Бөлісу: