Алматы әсем қала,көрікті қала,арман қала..
Мұндағы қазақтардың бәрі де әдепті,бәрі де мәдениетті... Және қала ауыл тіршілігінен мүлде бөлек. Ешкімнің ешкіммен шаруасы да жоқ. Асығып келіп,кетіп жатқан адамдар. Қыдырып жүрген жастар,кафе аралаған ғашықтар,киноға асыққан студенттер. Әрбіреуі бір-біріне бейтаныс,бірақ қайырымды.Мәселен, жастар қарттардың алдын кеспейді,көшеде келе жатып кезкелген адамнан жөн сұрасан,мәдениетті түрде,асықпай,байыпты жауап береді. Автобус ішінде жастар қарттарға орын береді. Бәрі де жарасымды,ақылды ,жақсы өмір сүруге бейімделген. Тек осынау әсем қаланың сәнін құртып,оған өздерінше өзгеріс енгізкісі келетін, баяғы сол шошқа етін жеуге машықтанып,таңғы асын сырасыз аша алмайтын,такаппар орыстар!
Осы қазақстандағы қазақтар неге орыстарды,ой олар керемет,олар мәдениетті дейді екен.
Айтсам қаралағандай боламын,айтпаса өзімізге істегендері аз емес...
Йә,шынында да кеше де бір орыстын мәдениетсіздігіне көзім жетті.. 32 –екінші автобусқа мінгем кезім еді,арт жақтағы орындықтарға қарасам үлкен кісілер отыр екен, алды жақта да сондай,сөйтіп автобустын орта жағына қарай өттім, жанымда орыс ұлтының қызы мен жігіті,бір –бірінің ернін жұлып алардай,өлергенше сүйісті,аналарға қарап мен ұялдым әбден.
Неге дейсіздер ғой?
Өйткені адам деген жан-жағына қарамай ма екен.. Қаншама үлкен кісілер бар,тіпті менің ұялғаным былай тұрсын,ол кісілерде теріс қарап отыр. Ақыры бір әжей айқайлап еді,әлгі орыс жігіт,әжейге; Орысша айтыңызшы,мен қазақша түсінбеймін (Орысшалап. ) –деді. Ұятсыздығы былай тұрсын,өз жерімізде өзімізді басынды,орысша айтсай деп..
Ол ол емес,енді мынаған қараңыз,қазір қаламызда көшеде шылым шегуге,бөтелкемен сыра ішуге болмайды деген әп-әдемі заң енгізілді,әрине оғанда көнген баяғы сол қасқа қазағымыз,ал орыстар оған көнбейді,олар қу өздеріңше ой бір данышпан,адамды ақымақ қылғысы келеді...
Тағы да,Алматының кештерінде,тағы да автобус ішінде бір жайтқа көзім ілікті. Орбита-1 аялдамасына машинанын келіп тоқтаған сәті еді,терезеге жай үңіле қарай салғам,аялдама шетінде тұрған бір орыс қолындағы пакетін ауық-ауық ауыз тұсына әкеле көтереді,бұл жайт мені елең еткізді,сөйтіп автобустан асыға түсіп,әлгі орыстың қасына барғам. Кенет оның қолындағы пакетінің ішінен сыраның бөтелкесін көріп,тағы да қаным қайнап кетті. Әлгі орыс сыртын пакетпен жауып сыра ішіп тұр екен, қолындағы жүгін ауыз тұсына тақауы жаман еді. Бұлда қазақ тәртіп сақтаушыларын мазақ қылудың жаңа бір түрі емес пе... Біз қасқа қой аузынан шөп алмас момын халықпыз ғой,көзімізбен көремізде,ой қойшы деп қолымызды бір сілтей саламыз... Баяғы қазақ сол қазақ, Ал сен оған жол берермісің,келешек!!!
Досжан Нұрболат