Қазақтар салт-дәстүрге,ырымға бай халық.Рухани құндылықтарымыз да жетерліктей мол.Ішкі құндылықтарымыз,болмысымыз басқа халықтарға қарағанда ерекше.Ата-бабаларымыздан келе жатқан,үлкен мән беретіні-тәрбие.Тәрбие-әрбір адамның санасы,ақылдылығы,парасаттылығы.Ішкі сұлулығы,жүрегінің тазалығы.Сыртқы келбетінен,өзін ортада ұстауынан,сөз саптауынан,пікірінен,іс-әрекетінен тәрбиелі екендігін байқауға болады.Сыртқы сұлулыққа қатты көңіл бөліп,ішкі жан дүниені ұмыт кетудің қажеті жоқ.Бірақ,бес саусақ бірдей емес,бүкіл адам тәрбиелі болып келе бермейді.Ол адамның тікелей өзіне байланысты.Ата-анадан алған тәрбие мен өзін әріқарай тәрбиелеу арқылы адам дұрысталады.Иә,ата-ана баласына жақсы тәрбие беруге тырысады.Ол тәрбиені өзіне жиып ала алмайтын адамдар бар.Бұл жағдайға,біреуді кінәлау қате.Сәби кезінен балаға ненің дұрыс,ненің бұрыс екендігін көрсеткен дұрыс.Ақылды тыңдай алуда жақсы қасиет.Бұл сөзді не үшін айттым?Рас,кейде өзімдікі дұрыс деп,тәкаппарланып кетеміз.Басқа адамның сөзіне мән бермей кететін кезде боладығой.Сол жағдайда ақылға салу қажет.Өзіміз жақсылардан үйрене білуіміз керек.Қазақ халқында тәрбиенің ішінде,қыз тәрбиесіне қатты көңіл бөледі.Қыз-елдің көркі,болашақ ана,болашақ жар.Тәрбиелі қыз кімді де болсын тамсандырады.Сыйлы,иманды қыз жақсы жар,жақсы ана болары анық.Сол себепті,халқымызда тыйымдар өте көп.Қызды қырық үйден тый дейді.Бүгінгі алған тәрбие болашақта оң нәтижесін көрсетеді.Әрбір ата-ана қыз,ұлын міне менің балам осы деп,мақтанышпен айтуы қажет.Біздің парызымыз ұядан алған тәрбиемізді жақсы жағынан көрсете білу.Жас ұрпаққа,өсіп келе жатқан бауырларымызға өнеге бола білу.