Тәрбие немесе қайда кетіп барамыз

Тәрбие немесе қайда кетіп барамыз
жеке
блог

Перғауындар елінен құл болған халқын жаңа мекенге Мұса пайғамбар қырық жыл бойы жүріп, алып барған деседі. Картаға қарасаңыз Египет пен Израйлдің арасы таяқ тастам ақ жер))!  Асықпай жаяу жүргеннің өзінде көп болса бір жылдың ішінде жетіп баруға болады. Әрине, адасып кетпеген шығар!?

Меніңше ұрпақ ауысқанын тосқан. Құлдық психалогияны жаңа мекенге алып барғысы келмеген. Қанаушылардың саясатымен ұмыт бола жаздаған тілі мен дінін қалпына келтіріп, жас ұрпақты сендер таңдаулысыңдар деп тәрбиелеген! Жаңа мекенге құлдар емес,ҰЛДАР келіп қоныстанған!

Ал бізде ше,тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл болды. Алғашқы тәуелсіз елде дүниеге келген сәбилер де жиырмаға келді! Бірақ тіліміз қалпына келді ме? Сол баяғы таз қалпымыз,қаптаған шала қазақтар, әлі күнге дейін құжаттарды орыс тілінде толтырамыз, қазақша білмейтін адамдар депутат,шенеунік,әкім. Біз қайдан оңамыз! Ел болам десеңіз бесігіңді түзе деген, мемлекттік мектептер жүз пайыз қазақша білім неге бермейді!? Неге аралас, басқа тілдегі мектептер мен балабақшалар бюджеттен қаржыландырылады? Біз осы кімнен қорқамыз? қашанғы жасқаншақ қазақ болып қала береміз? 

п.с Массагет сайтының әкімшілігі,пікірлерге цензура жасауды қашан қоясыздар. Цензура тек сіздерде ғана бар! Әркім өзінің пікіріне жауап береді,егерде өтірік жазса, біреуге тіл тигізсе, немесе жала жапса,заң бойынша сот алдында! Сіздер тәуелсіз елдің маңдай алды журналистерісіздер,сөз бостандығын ту етулеріңіз керек емес пе? 

пп.с .Кешіріңіздер, артық кетсем...