Аннотация: Мақала баланың танымдық дамуының тәсілдерін талдауға арналған. Л.С. Выготский танымдық дамудың генеративті қайнар көзі тарихи қалыптасқан құралдардың, белгілер жүйесінің және қызметтің басқа құралдарының жиынтығы мәдениет екенін дәлелдейді.
Кілттік сөздер: мәдениет, қоршаған орта, қарым-қатынас, дамудың когнитивтік концепциялары.
Тәрбие тұлғаның қалыптасуы мен дамуында жетекші рөл атқара отырып, әлеуметтену процесін басқарудың өзіндік механизмі болып табылады. Тәрбиенің нәтижелі болуы ата-анаға, имандылыққа, баланың қандай ортада өскеніне байланысты. Адам өмірінің алғашқы күндерінен бастап сусындаған мәдени орта когнитивтік дамудың жетекші формасы ретінде әрекет ете отырып, тұлғаның қалыптасуына күшті әсер етеді. 20 ғасырда даму психологиясында екі зерттеу бағдарламасы құрылды: «генетикалық» және «экологиялық» [1].
Бала дамуының когнитивтік теориялары танымның философиялық-діни концепцияларынан бастау алып, жеке тұлғаны қоршаған ортаға бейімдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Әртүрлі мәдениет өкілдерінің танымдық мүмкіндіктерін салыстыра отырып, ойлаудың дамуына мәдениет пен әлеуметтік контексттің әсерін байқауға болады. Арнайы ұйымдастырылған дамыта оқыту жүйесінде теориялық ойлау толық дамиды.
Л.С.Выготскийдің көзқарасы бойынша баланы адам ететін барлық нәрсе - ұғымдарды, тілді, ерікті зейін мен логикалық жадыны игеру - әлеуметтік өзара әрекеттесуден дамиды. Балалар өздерінің мәдениеттерінің психикалық құрылымдары мен тілін әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде әлеуметтік әлемге әсер етудің құралы ретінде қолданады [2].
Л.С.Выготский әзірлеген мәдени-тарихи көзқарастың мәні жоғары психикалық функциялардың даму заңдылықтарынан көрінеді: жақын арада даму аймағы. Психикалық дамудың қайнар көзі – оқу деп атаған [3].
Л.С. Выготский мен оның ізбасарлары үшін танымдық даму өмірдің әлеуметтік және мәдени контексттеріне негізделген деген тұжырымға ие болады. Бала бойындағы танымдық қасиеттерінің дамуы құрдастарымен немесе ересектермен ынтымақтастық нәтижесінде ұлғаяды. Ол психикалық функция алдымен әлеуметтік, содан кейін психологиялық ретінде пайда болады деп жазды. Сырттан ішке өту процестің өзін түрлендіреді, оның құрылымы мен функцияларын өзгертеді.
Мұны ол адамның психикалық (мәдени) дамуындағы ортақ генетикалық буын деп атады. Оның мәдени-тарихи теориясы адамның психикалық дамуындағы әлеуметтік принциптің табиғи-биологиялық принциптен басымдылығын бекітеді. Осының негізінде ол «жақын арадағы даму аймағы» ұғымын енгізді.
Бұл баланың басқа адаммен байланыста, онымен қарым-қатынаста және оның көмегімен сәтті орындай алатын әрекеттерін білдіреді, бірақ содан кейін ол толығымен өз еркіне ғана бағынатын болады. Адамның іс - әрекет пен қарым-қатынас процесінде мәдениетті иемденуі адамның психикалық дамуының әмбебап түрі болып табылады[4].
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы жақын арадағы даму аймағы концепциясының негізгі белгілерін тізіп көрейік:
1) дамуда жаңа нәрсенің пайда болуы әрқашан дамудың өткен циклдарына негізделеді. Баланы келесі даму деңгейіне дайындау керек. Осылайша, жақын арадағы даму аймағы қазіргі даму деңгейіне негізделген.
2) жоғары психикалық функциялардың даму заңының нәтижесінде «жақын арадағы даму аймағы» ұғымы даму туралы басқа ережелерге сүйенеді (сананың жүйелік және семантикалық құрылымы туралы гипотеза, гетерохронизм заңы, жоғары психикалық функциялардың дамуының жанама сипаты);
3) еліктеуде және оның ерекше түрі – кооперацияда ашылатын жақын арадағы даму аймағы көмекші, мәдени құралдарды меңгеру процесімен байланысты;
4) жақын арадағы даму аймағы баланың психикалық дамуын диагностикалауда және жеке ерекшеліктерін зерттеуде жетекші әдістемелік құрал ретінде әрекет етеді;
5) жақын арадағы даму аймағы оқыту және ақыл-ой дамуы процестерімен тікелей байланысты.
Әрі қарай, Л.С. Выготский оқыту мен дамудың психикалық даму деңгейінің қалыптасуына қалай ықпал ететінін көрсетеді. Психикалық дамудың екі деңгейі бар-жақын арадағы даму аймағы және өзекті даму деңгейі.
Оқыту – бұл әлеуметтік, психикалық процестердің сыртқы түрі, ол жақын арадағы даму негізін құрайды.
Даму – бұл психикалық процестердің ішкі формасы; ол қазіргі даму деңгейінің негізінде жатыр.
Баланың когнитивті сферасының қалыптасуына оқыту және дамуы негізгі нышан бола алады. Баланың жақын арадағы даму аймағыда бала дамуында үлкен орынға ие болады. Себебі, баланың жас ерекшелік қабілеттері емес, оның жақын арадағы даму негізінде қандай дағыдыларға ие болғаны маңыздырақ екені айқын көрініс тауып отыр. Осы кезекте баланың жақын арадағы даму аймағын және исламдағы бала тәрбиесі, ата-ананың рөлінің зор екенін айқындайды.
Тәрбие сөзі негізінен арабтың сөзі. Өсіру, жетілдіру деген мағынаға ие. Баланы тәрбиелеу кешенді түрде жүзеге асатын жан-жақты процесс болып табылады. М.Жұмабаев еңбектерінде «тәрбиенің мақсұты – адам деген атты құр жалау қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»[5].
Демек, тәрбиенің мақсаты баланы жан-жақты дамытып, оны кемелдікке жеткізуі. Осы орайда исламдағы тәрбие тұлғаны кемелдікке жеткізетін бірден-бір жол. Жоғарыда көрсеткендей баланың жақын арадағы даму аймағына ересектер соның ішінде ата-ана негізгі ықпал етушілер болып табылады. Ислам дінінде дәл осы ата-анаға немесе болашақ ата-анаға үлкен жауапкершілікті сезіну мақсатында баланың аманат екенін ескерткен.
Қорытындылай келе, баланың дамуына ықпал етуші жағдайлар мен баланың танымдық қабілеттерінің дамуы тек қана бала жаңа жағдайларға үйреніскен жағдайда, сонымен қатар бала оқу қабілеттерінің жүйелі дамуына «жақын арадағы даму аймағы» үлкен мәнге ие болып отыр.
Жетекші: Абдуллаев Нұржан