Танысып қояйық!)
блог
Тағы да сәлеметсіздерме массагеттіктер!Жағдайларыңыз қалай?..
Міне массагетке тіркелгеніме бірнеше күн болды. 1-2 жазбамды ұсынып та үлгердіім))Пікірлеріңізге рахмет!)Мені баурап алғандарыңыз сонша кеше тіпті ұйықтамастан таң атқанша оқыдым,еш өкінбедім!!!Расымен керемет дүниелер жазасыздар,шындықты айтасыздар,аз уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім!!!
Жаңа байқағаным енді қосылып жатырғандар алғашқы блоктарын танысуға арнапты.Ал мен ол жайында ұмытып кетіппін))Танысып қояйық!!Есімім Аягүл,Атырау қаласынан боламын!Дүние есігін ашып,кіндік қан тамған жерім,балдырлап сөйлеп,тәй-тәй-леп жүрген мекенім, алғаш мектепке барған алтын бесік ауылым-Сарықамыс!
Қазір Атырау облыстық ұлттық гимназиясының 9 сынып шәкіртімін)
Отбасында 6 адамбыз<3 Ақыл айтар данамыз,қамқоршымыз ,асқар тауымыз, әкем-Қуандық және үйімізде сыйластық пен жылулықтың шапағат пен мейірімділіктің туын тіккен аяулы жан, анамыз-Күміс.
Ал қамқоршым ағам мен балдай тәтті тілді екі інімсіз мен не істер едім?!
Жәнеде мен))Інім "Жасың 15ке жетсе де 10жастағы меннен де кішкентай бала сияқтысың!!"дегендей артымда екі інім болса да ерке қызбын!))
Тез тіл табысатындықтан ба достарым өте көп!Ал жан дегенде жалғыздарым,сырлас,апамдай боп кеткен құрбыларым - баға жетпес асылдарым!!
Өзім өөтее арманшылмын!!Әрине армансыз адам болмайды...Болашақ мамандығым..мен бір емес бірнеше мамандық иесі болғым келеді, ал солардың ішіндегі ең бастысы журналистка...
Міне өзім жайлы...қысқаша...