Танысып қоялық

Танысып қоялық
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Есімім Айдос. 1984 жылдың 8 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. Өскемен қаласында жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан соң төрт жыл Елордамызда жұмыс істедім. Қазір Аспан асты елінде, яғни Қытайда білім алып жатырмын. Өзім жайлы айтарым әзірге осы.  

2. Хоббиің не?

Кішкентай кезімнен шет тілдеріне қатты қызығамын. Сол себепті шет тілдерін үйрену - менің хоббиім десем де болады. Бос кезімде кәріс фильмдерін орыс, қазақ тілдеріне аударып, титр жасаумен айналысамын. Қазақша аудармаларыммен таныс болып жатқан шығарсыздар.

Сәлем Рух!

Хёрин - Бұл өмірде сүйіп өтем өзіңді тек!

Тэ Ён – Егер

Алла қаласа келешекте де Массагет сайты үшін әлі талай аудармалар жасаймын деген үміттемін. Редактор Зере ханым мен әндердің аудармасын лирикамен әрлеген Айжан ханымға үлкен алғысымды білдіремін!

Тағы бір хоббиім – шет елдердің ақшаларын жинау. Кезінде бірталай үлкен коллекциям болып еді, жоғалып қалды. Сол себепті биылдан бастап қайтадан жинауды ұйғардым. Қазір 16 мемлекеттің ақшасы жиналыпты.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Шет елдерден тек Оңтүстік Корея мен Қытайды көрдім. Ал барғым келетін елдер: Малайзия, Индонезия, Жапония, Түркия, Араб елдері, Африка елдері. Және өзім оқып жатқан Қытайды түгелдей аралап саяхаттағым келеді.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Бұл өмірге кім болып келетініміз бір Алла тағаланың құдіретінде болғандықтан, бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Адам болып жаратылғаныма Аллаһқа сансыз шүкір айтамын!

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Өмірлік ұстанымым мен нақыл сөзім Қасиетті Құран кәрімнің мына аяты десем болады: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бойсұныңдар. Егер бір нәрседе талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге жүгінтіңдер» («Ниса» сүресі, 59-аят);

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Кешірерсіздер.

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жариялағым келмейді.

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Ойланып қарасам, әнші, әртіс, саясаткерлердің арасында кумирім жоқ екен. Алайда әрбір мұсылман баласы үшін пайғамбарымыз Мұхаммад с.а.с.-ға ұқсау арман болар. Сол себепті пайғамбарымыз с.а.с. менің кумирім десек те болады.

9. Сүйікті спорт түрі?

Спорттың барлық түрін теледидардан қарауды ұнатамын, бірақ солардың арасынан өзімнің айналысатын спортым тек жүгіру сияқты. ))) Анда-санда бассейнге және тренажер залына барып қоямын.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

Өте көп фильмдер көргендіктен бұл сұрақ мені біраз ойландырып қойды ))) Ең есімде қалғаны «Хатико» болар. Нағыз адал достықты бейнелейтін фильм болғандықтан қатты ұнады.

11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Еркек басшы болу керек деп ойлаймын.

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Екеуі де бірге ұстағаны дұрыс.

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Ұзақ уақытқа кетпек болса жібермес едім деп ойлаймын )))))

14. Айжанның сұрағы: Сізге, дәл қазір, бақытты болу үшін не керек?

Жауап: Аллаға шүкір, дәл қазір өзімді бақытты адаммын деп білемін. Одан асқан бақытты болу үшін бақыт жолында көп еңбектену керек ))) 

 

Келесі анкета толтырушы – ♕AkkunaMAtaDA-ға қояр сұрағым: Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?