Танысу немесе ештен кеш жақсы!
блог
Анда-санда кіріп,өлең жазып кетіп жүретін бұл кім? ,-деп ойлайтын шығарсыздар))Бұл сайтта алдымен танысу керек екендігін білмеппін! Ештен кеш жақсы деген,- Мен Талғатпын! Тегім Халық! Қазақпын,тіпті ұлтшыл қазақпын деуге де болады! Өлең жазамын. Ет пен терінің арасындағы желік пе,әлде шынымен өнер ме,оны өздеріңіз бағалай жатарсыздар, пікір жазыңыздар,сынды жақсы көремін. Пышақ сияқты қайралған сайын өткір бола түсемін деп ойлаймын. Жалғыз шапқан ат жүйрік,-демекші, өзімнен басқаларды оқымайтындардың қатарынан емеспін,өзгелерді де қызығушылықпен оқып отырамын. Әсіресе өлең,әңгімелерді...
Жазып отырған бірінші блогым. Қате-кемі болса,сөге көрмеңіздер,ақылдарыңыз болса айтып,қатем болса көрсетіңіздер(түзелуге тырысамын,қолдан келгенше)))
Айтпақшы,трөллдерді иттің етінен де жек көремін,ондайлар болса маған кірмей ақ қойсын,аямаймын!)))
Жанұяларыңызға қабылдайсыздар ма,Массагеттіктер?
Оқырмандардың сұрауы бойынша толықтырулар;
1.Жеке кәсіпкермін, құрлыс жұмыстарымен айналысамын.
2.Үйленгенмін, үш балам бар, екі ұл, бір қыз.
3.Семей қаласының жеңіл өнеркәсіп техникумын және Астана қаласының "Асу" құрлыс колледжін бітіргенмін.
4."Жанкешті туындыгерлердің шығармалар жинағы" 1.2.3.альманақтарында өлеңдерім 2011ж.2012. ж.2013 жылдары жарық көрді.
5.Туған жерім Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы.